NIS Шымкент: Математика олимпиадасынан І орын

Среда, 30 Март 2022 08:16 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 2494 раз

nis-edu«Өркен» грантының иегері Өркен Мурзабаев республикалық математика олимпиадасында  І орын иеленді

Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Өркен Мурзабаев  С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Жоғары математика» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен онлайн республикалық пәндік олимпиада да I дәрежелі дипломмен марапатталды.

Өркен бұған дейін биология, физика пәндерінен республикалық, желілік олимпиадаға қатысып жүлделі орын алған.

– Математика пәнінен білім сынасуым бірінші рет. Олимпиада туралы естіп, жетекшім Бекболат Комоловпен небәрі бір апта дайындалдық. Сайыста өте қиын есептер болды. Дегенмен үмітті ақтағаныма қуаныштымын,- дейді Өркен.

Жүйрік ойлылар сайысына еліміздің 100-ден астам мектеп оқушыларымен қатар ЖОО студенттері қатысқан.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.