САРБАЗДАРМЕН КЕЗДЕСУ

Вторник, 22 Февраль 2022 07:39 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 4658 раз

49C17439-1F4F-4FC5-9E17-974DA6534687

2022 жылы 22 ақпанда ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары Ерман Мұхтар, Ташқараев Ғани Шымкент қаласындағы 65/06 Ұлттық ұлан әскери бөлімінің Офицерлері және Сарбаздарымен кездесу өткізді. Кездесуге Шымкент қалалық мәслихат депутаты,фракция мүшесі Наргиза Керимбаева, "Nur Otan" партиясы Әл-Фараби аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Есенбек Арай қатысты.

Кездесу барысында ҚР Ұлттық Ұлан Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы 65/06 әскери бөлімі Полковник Б.Қабылбеков мәжіліс депутаттарына әскерге келген Отан алдындағы борышын азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру бойынша әскери бөлімдегі талаптармен таныстырып өтті.

Сонымен қатар Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздар көкейлерінде
толғандырып жүрген талап-тілектерін атап өтті: әскери бөлімі ғимаратының ескіргендігі, әр офицермен сарбаздың Әлеуметтік мәселесі, тұрғын үй, коммуналдық төлем, жалақы мөлшерінің аздығы, отбасына табыс көзінің аз мөлшерде түсетіндігі туралы сұрақтарын қойып, мәжіліс депутаттарынан тұшымды жауаптарын алды. ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары Әскери бөлімде қойылған және ұсынылған ұсыныс, талап-тілектер бойынша жергілікті және Республикалық деңгейде шешімін табуға атсалысатындарын жеткізді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.