Өзін – өзі тану- өмірді тану

Понедельник, 07 Февраль 2022 05:43 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 4432 раз

ozin-ozi-tanu

Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде өзін-өзі тану пәнінің рөлі ерекше. Шымкент қаласы Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназия мектебінде Республика көлемінде 1-12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік өткізіледі.

Жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттай отырып бала бойынан қайырымдылық, адамгершілік, сүйіспеншілік, мейірімділік, сезім, махаббат сынды құндылықтарды оқушы бойына сіңіру. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері іс-шараларға шығармашылықпен белсенділік танытты. Ашылу салтанаттында мектеп директоры Алмас Серікұлы сөз сөйлеп ұстаздар мен оқушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Бағдарламаға сай түрлі бағытта іс – шаралар өткізілді. «Өзін-өзі тану, өмірді тану» тақырыбында қабырға газеттері, «Алтын жүректі анамыз» тақырыбында мәнерлеп оқу, «Сүйіспеншілікпен өмір сүру» тақырыбында эссе жазу, «Мейірім төккен - Ана» тақырыбында көрме ұйымдастыру байқаулары өтті. Онкүндіктің соңғы күнінде Назарбаева Сара Алпысқызының туған күніне арналған «Алтын жүректі анамыз» атты 1-4 сынып оқушыларының қатысуымен тәрбие сағаты өтті. Оқушылар Сара Алпысқызына арнап өлең шумақтарымен қоса әндер орындады.

Сабақ соңында Сара Алпысқызының оқушыларға арналған құттықтау сөзімен аяқталды. Өзін - өзі тану пәні рухани - адамгершілік білім мен тәрбие берудің құндылық бағдары. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев:"Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында", дегені бәрімізге мәлім. Еліміз өркениетті елдер, қатарынада орын алып ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса, бұл мектебіміздің ұстаздарының еңбегінің жемісі деп білемін.

 

Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназия
Өзін – өзі тану пәні мұғалімі
Алдашова Шекер Ногайбековна

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.