Версия для печати

1226 талапкер тестілеудің бірінші мүмкіндігінен өтті Избранное

Среда, 12 Май 2021 05:41 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 10403 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Биылдан бастап ҰБТ тапсыру «Бір компьютер – бір камера» принципі бойынша әрбір тестіленуші үшін дербес компьютерді пайдалану арқылы электрондық форматқа көшті. Бұл ретте, тестіленуші жылына 2 рет ақылы және 2 рет білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға мүмкіндік ала отырып, тегін ҰБТ тапсыра алады.

770

 

Шымкентте ҰБТ тапсыру үшін арнайы 2 тестілеу орталығы ашылған. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан аталған тестілеу орталықтарының жұмыс барысымен танысты.
Білім басқармасының басшысы Жанат Тажиева Шымкент қаласында 2020-2021 оқу жылында 11-сыныпты 9 342 оқушы бітіргелі отырғанын баяндады.
– Бұған дейін ҰБТ қағаз түрінде, 2 рет ақылы және 1 рет грант алу мүмкіндігі негізінде 10 күн аралығында өтіп, ҰБТ өткізу пункттері әр өңірге арнайы белгіленген болатын. Енді төрт рет тапсыруына мүмкіндік бар. ҰБТ арнайы жабдықталған 2 аймақтық «U-Study» тестілеу орталықтарында І-кезеңі 10 наурыз бен 10 сәуір аралығында (ЖОО ақылы негізде түсуге) өткізіліп, 6 973(74,6%) талапкер тест тапсырды. Ал, ІІ-кезеңі 25 сәуір мен 30 маусым аралығында (білім беру гранттарын тағайындау конкурсы арқылы 2 мүмкіндік) ҰБТ тапсыру орнын Қазақстанның кез келген өңірінен таңдау мүмкіндігін пайдалана отырып өз бетінше ағымдағы жылдың 15 сәуірінен бастап 15173 талапкер тіркеуден өтті, – деді Ж.Арысбекқызы.
Жалпы бір күнде екі ауысыммен 43 күн аралығында 30 346 талапкер тестілеуден өтетін болады. Бүгінгі таңда ағымдағы жылдың 6, 8 мамыр күндері екі тестілеу орталығы бойынша 1226 талапкер тестілеудің бірінші мүмкіндігін пайдаланып, тестілеуден өткен.
– Биыл ҰБТ тапсыру түбегейлі өзгерді. Ақпараттық технологияның көмегімен «Бір компьютер – бір камера» принципімен өткізілуде. Биылғы тест жоғарғы деңгейде өтіп жатыр деп ойлаймыз. 2 тестілеу орталығында 450-ге жуық орын саны бар. Шымкент қаласынан бөлек, Түркістан облысының аудандарынан да 15 мыңнан аса түлек тестілеуден өтеді деген болжамымыз бар, – деп Шыңғыс Жұмабекұлы бағасын берді.

Мөлдір КЕНЖЕБАЙ

2012 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 2014 жылы аталған факультеттің магистратурасын бітірген. Бұған дейін «Болашақ-Жасар», «ALASH» ұлт патриоттары жалғасы»  басылымдарында, «Жас қазақ» ұлттық апталығында жұмыс істеген. 2016 жылдың қараша айынан бастап «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 

«Жастарға – Respect» қосымшасының редакторы.