4 080 мұғалім тест тапсырады Избранное

Пятница, 22 Январь 2021 05:05 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 4534 раз

Шымкентте «Білім беруді дамытудың өңірлік бағдарламасы» аясында 3 нысаналы индикатор, 22 көрсеткіш, «Шымкент қаласын дамыту» бағдарламасы бойынша 1 индикатор белгіленіп, жұмыс жүргізілуде. Осылай деген қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева алда атқаратын жоспарларымен бөлісті.

663

 

ІІІ тоқсандағы оқу процесі кезекші сыныптар (52,3 %), қашықтан білім беру (47,7 %) бойынша басталды. Дәстүрлі форматта 17 мектеп (8 467 оқушы) білім беруде. 7 242 (1-5, 9, 11 сыныптар) кезекші сыныптардағы оқушы саны – 100 477. Қашықтан – 104 393 (47,7%) оқушы оқытылуда.
Балабақшалардағы кезекші топтарда 38 874 (65,4 %) бала тәрбиеленуде. Колледжде штаттық режимде – 12 425 студент білім алуда. 1-курс студенттері – 9 660, дуалды оқыту бойынша – 2 765 (100%).
Қалада ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пәндердің оқу бағдарламасына оқушылардың экологиялық мәдениеті, экологиялық білімі мен тәрбиесі деңгейін арттыратын аралас курстар (дүниетану, биология, география) енгізу қолға алынды.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, барлық білім ұйымдарына индикатор түзіліп, міндеттеме белгіленді. Сонымен қатар 2021 жылы жаңадан салынатын білім нысандарына толық зерделеу жұмыстары жүргізіліп, бақылауға алынды.
Сондай-ақ басқарма басшысы кадрлық әлеуетті дамыту жоспарларын баяндады. Қалада мектепке дейінгі ұйымдағы педагог саны - 4 225, оның ішінде мамандығымен жұмыс істеп жүргендері - 2 869. Алдағы уақытта ЖОО-мен меморандум түзіліп, өз өтініштері негізінде 45 педагог 10 айлық қайта даярлау курсынан өткізіледі.
Орта мектептердегі педагогтар саны - 18 770 болса, 4 080-і ҰБТ (Ұлттық біліктілік тестілеу) тапсырады.
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары білімі бар педагогтардың үлесін 2021 жылы 68,3 пайызға, апатты мектептер үлесін 0,7 пайызға, үш ауысымда оқытатын мектептер үлесін 10,7 пайызға жеткізу жоспарда бар.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.