Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушылары Шерзод Мухтаров пен Алмас Рыспаев математикадан халықаралық IYMC 2020 сайысының жүлдегері атанды.
Әлемнің 93 елінің жоғарғы сынып оқушылары мен студенттері бақ сынаған додада ел намысын қорғаған оқушылар сайыстың 3 кезеңінде де жоғары нәтиже көрсеткен.
Нәтижесінде екі оқушы да барлық қатысушылар ішінен ең үздік нәтиже көрсеткендердің қатарынан табылғаны үшін «Gold Honour» жүлдесімен марапатталыпты. Сондай-ақ, Шерзод Мухтаров Қазақстан атынан қатысқан барлық жастардың арасында ең жоғарғы нәтиже көрсетіп, арнайы «National award» марапатына ие болып отыр.
International Youth Math Challenge (IYMC) – бұл жастарға өздерінің математикалық дағдыларын дәлелдеуге және шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін, жыл сайын өткізіліп тұратын халықаралық математика сайысы.
М.МАМЫРБАЙҚЫЗЫ