«Ұлы дала мұрагерлері»: NIS оқушылары елдегі туризмнің дамуына өз үлестерін қосуда!

Вторник, 15 Декабрь 2020 09:34 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 4135 раз

WhatsApp Image 2020-12-15 at 14.47.33 1

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Туған елге тағзым – 2020». өлкетану-зерттеу экспедициясының қорытындысы жарияланған дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» форумы өз мәресіне жетті.

Биыл қашықтан өткізілген байқауға шығармашылық жұмыстар мен жобалардың максималды саны ұсынылып, онлайн экспедиция бағдарларында қатысушылардың рекордтық саны тіркелді.

 

WhatsApp Image 2020-12-15 at 14.47.35

 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясы NIS-тің әлеуметтік жобалары қатарында айрықша орын алатынын баса айтты, оның әрбір қатысушысы өзін жеңімпаз санауға толық құқығы бар, себебі олар өз елінің тарихи, археологиялық, мәдени, архитектуралық, индустриалдық көрнекі орындарын зерттеді.

Экспедицияның бірегей бағдарларымен жүріп өткен барлық қатысушыларды белгілі қазақстандықтар құттықтады: ғарышкер, «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары, Халық қаһарманы Айдын Айымбетов; «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы, Қазақстанның Еңбері Ері Юрий Пя; Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, Қазақстанның Еңбек Ері Айман Мусаходжаева, Нұр-Сұлтан қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2020 жылғы түлегі Альнур Акчурин. Олардың әрқайсысының кәсіби жетістіктері оқушыларды табыстың жаңа оқиғаларына жігерлендіре түседі. Онлайн форматқа қарамастан, монитордан әйгілі робот София шыға келгенде қошеметтер легі толастамады. Ең әйгілі гуманоидпен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары оны жасап шығарушы Дэвида Хэнсонмен жасанды интеллект бойынша өткен сабақ барысында достасып үлгерген.

 

WhatsApp Image 2020-12-15 at 14.47.32 1WhatsApp Image 2020-12-15 at 14.47.33

 

Сонымен қоса, тікелей эфирде «Туған елге тағзым 2020» байқауының жеңімпаздары − Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары өз жобасын таныстырды.

«Көне қалашық» Шымкент қаласының мәдени-тарихи бренді бола ала ма?» атты жобаны Мұхтар Қабылбек, Шыңғыс Ерлер, Ердәулет Махамбет, Заңғар Өтеш, Ақниет Абдашим, Асия Ильясқарова, Алуа Мыңжасар, Аңсар Абдулла, Аяжан Төлеген, Нұрсұлтан Жақсыбеков және Жанасыл Рысбек дайындаған.

Арман Қасымбеков пен Меруерт Көшкінбаеваның жетекшілігіндегі команда Шымкент қаласындағы "Көне қалашық" тарихи кешеніне зерттеу жүргізіп, нәтижесінде болашақ туристік нысанның онлайн-картасын, виртуалды туры мен мобильді қосымшасын жасаған болатын.

 

WhatsApp Image 2020-12-15 at 14.47.34 1

 

Оқушылардың сөзінше, көне қалашық − әлем тарихында болмаған, қайталанбас мәдени мұра. Римнің Колизейімен теңдесуге тұрарлық нысан – үшінші мегаполистің бренді болатыны сөзсіз.

─ Қиын туғызғаны – тарихи кешен тек алдағы жылдың көктемінде ашылатын болғандықтан, оған кіруге және түсіріліміне рұқсат алу болды. Бірақ оқушыларымның үлкен еңбегінің арқасында 30 жылдық археологиялық қазба мен реставрация жұмыстарының нәтижесін қазірден-ақ онлайн көре аласыздар, − деді жетекші Арман Серікбайұлы.

Экспедицияның барлық қатысушылары келесі жылы қашықтан өткен бағдарларын шынайы өмірде қайталап, туған елдің жаңа көрнекі жерлерін зерттеуге дайындық үстінде. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары «Туған елге тағзымды» жалғастыруда.

 
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.