РЕКТОР ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ

Среда, 09 Декабрь 2020 05:06 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 3705 раз

 DSC5430

Академик Ә.Қуатбеков атындағы халықтар достығы университеті жұмысын штаттық режимде қайта жалғастырады. Бұл туралы жоғары оқу орнының ректоры Рабиға Әбдімұсақызы университетте өткен баспасөз жиынында мәлімдеді.

Жоғары оқу орнының басшылығы мен заңгер Л.Жансейтова білім беру қызметімен айналысуға берілген лицензияның қалпына келтірілгені туралы БАҚ өкілдеріне өткізген брифинг барысында айтты. Аталған білім ордасы лицензиясынан айыру себептерін жоққа шығарды.
ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің ЖОО лицензиясын тоқтата тұрудың негізі ретінде ұсынған бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтар жоғары оқу орны мен комитет арасындағы сотта апелляциялық талқылауда расталмаған.

 

 DSC5611


– Құрылғанына 21 жыл толып отырған университеттің бас лицензиясынан айырылғаны туралы ақпарат таралған сәттен бастап біз студенттерді, оқытушыларды және жұртшылықты жаңылыстырған Комитет әрекеттерінің заңсыздығы туралы хабардар еттік. Бұл ақпарат соттың шешімі шықпай тұрып жарияланған. Онда білім беру сапасын қамтамасыз ету комитетінің оқу үдерісін ұйымдастыруға, талапкерлерді қабылдауға, университетті оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етуге, түлектерді жұмысқа орналастыруға байланысты заңбұзушылықтар деп атап көрсетілген еді. Біріншіден, біздің университеттің құрамында «Керемет» бастауыш мектеп, балабақша кешені, «Достық» және «Ақсукент» көпсалалы колледждері бар. Материалдық-техникалық базамыз өте жақсы. Университеттің 8 оқу ғимараты, 6 спорттық кешені мен 3 студенттік жатақханасы бар. Жоғары оқу орнының білім беру қызметтерін ұсыну бойынша халықаралық сапа стандарттарына толық сәйкес келеді. Кітапхана қоры білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына да сәйкес келеді, – деді ректор Р.Қуатбекова.
Ал Нұр-Сұлтан қаласының адвокаттар алқасының мүшесі Л.Маратқызының айтуынша, 2020 жылдың 19 қараша күні Шымкент қалалық азаматтық істер жөніндегі мамандандырылған әкімшілік соты комитеттің шығарылған қаулысының ісін жойған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.