Шымкентте жаңа мектеп пайдалануға берілді. ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, Шымсити шағынауданында орналасқан №135 жалпы орта білім беретін 1200 орынға арналған мектеп салтанатты түрде ашылды.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жаңадан салынған білім нысанымен танысып, ғимаратты аралап көрді. Қала әкімі мектептің лингафонды, бастауыш сынып, ер балаларға арналған технология кабинеттерімен танысты.
Сондай-ақ, Мұрат Дүйсенбекұлы мектептің спорт залының жағдайымен танысып, жас шахматшылардың ойынын тамашалады.
Мектеп ғимаратының құрылысы 2017 жылы басталған. Жоба құны – 1 млрд. 448 млн теңге. Құрылыстың бас жобалаушысы – «Көркем сәулет» ЖШС. Мердігер мекеме нысанды өз уақтында аяқтап, пайдалануға тапсырды.