Шымкенттік оқытушы жеңімпазы атанды

Среда, 24 Июнь 2020 04:55 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 2948 раз

d01c1a9d-2b73-41f9-a04b-7eb9189cccf8ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Үздік сабақ-2020» онлайн байқауын ұйымдастырған болатын. Байқауға республиканың түкпір-түкпірінен тілдерді оқыту орталықтарының әдіскерлері, жоғарғы оқу орындары мен мектеп оқытушылары қатысты.

Байқауда тіл үйренушілердің қызығушылығы мен белсенділігін арттыруға арналған деңгей талаптарына сай тапсырмалар берілген. Екі айға жуық сарапқа салынған байқауда 38 қатысушының жұмыстары қаралып, үздік деп танылған 8 жұмыс межеге шықты. Қорытындысында Шымкент қалалық Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының оқытушысы Айсұлу Оспанованың жұмысы бас жүлдеге лайық деп танылды.
Айсұлу Оспанова ұсынған жұмыста оқытушы сабаққа Smart мақсат қоя білген. Сабақ жоспары заманауи технологияларға құрылған. Қазақ тілін үйретуге арналған барлық онлайн платформалар, сайттар пайдаланылған. Сабақ барысында оқытушының жаңашыл онлайн бағдарламалары шебер қолданылғаны үздіктер қатарынан көрінуге мүмкіндік берген.

 

Последнее изменение Среда, 24 Июнь 2020 05:22
Айгүл КЕРІМҚҰЛОВА

2004жылы ОҚГА журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолы «Шымкент келбеті» газетінде басталған. «Ұстаз жаршысы», «Денсаулық құпиясы», «Оңтүстік Рабат» газеттерінде, «Отырар» телеарнасында жұмыс істеген. 2017 жылдың тамыз айынан бастап  қалалық «Шымкент келбеті» саяси-қоғамдық газетінің тілшісі.