Шымкенттік оқушылар спорттық додада 11 облыстан оқ бойы озық шықты. Сайрам көмекші мектеп-интернатының директоры Жадыра Нағашбайқызының айтуынша, жас спортшылар сайысқа асқан дайындықпен барған. Нәтижесінде, special olympics бағдарламасы негізінде ұйымдастырылған жарыста үстел теннисі мен ауыр атлетикадан жүлделі орындардан көрінді. Командалық есепте алғашқы орынды иемденді. Шымкенттің намасын қорғауда пауэрлифтинг спорт түрінен 70 кг салмақты бағындырған Н.Нышанбек екінші орын алса, 80 келі салмақты көтерген М.Байзахматов бірінші орынға ие болды. Үстел теннисінен сынға түскен оқушылар да жүлдегер атанды. Жас спортшылар бұдан да ауқымды сайыстарға қатысып, ел абыройын асқақтатуға ниетті.
Азамат ЖАППАР
Серік ҚОСАЕВ