Оқу-ағарту министрлігі NIS құрамасын еліміздің ең үздік олимпиадалық командасы деп таныды

Среда, 29 Март 2023 04:32 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 3104 раз

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадада Назарбаев Зияткерлік мектептері қатарынан бесінші рет еліміздің үздік олимпиадалық командасы деп танылды.

Грамота

 

Жас математиктер, информатиктер, физиктер, химиктер және географтар жеке және командалық есепте жеткен жетістіктерімен NIS-тің жоғары стандарттарын қайта растады. Зияткерлік мектептердің медалдық қоржыны 60-тан астам түрлі дәрежедегі наградамен толықты, олардың үштен бірі – алтын. NIS өкілдерінің барлығы дерлік құрмет тұғырынан көрінді.

Еліміздің үздік физигі атағын Алматыдағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп оқушысы Ерсұлтан Пітебай алды. Жақында ғана Ерсұлтанды бүкіл ел қазіргі таңда беделді жоғары оқу орындарының әлемдік рейтингінде көш бастап тұрған Массачусетс технологиялық институтының шақыртуы және грант иеленуімен құттықтады.

Олимпиаданың күміс жүлдегері, 2023 жылғы түлектердің жұлдызды командасы мүшесі Альмира Нұрланова да MIT-дің грантын иеленді.

Өткен жылы география пәнінен халықаралық IGeO олимпиадасының жеңісті марафонын жалғастырған Санжар Хамитов Ақтөбе қаласындағы NIS-ті кезекті алтын медалімен қуантуда.

Бірінші орын иеленген Зияткерлік мектептер өкілдерінің қатарында семейлік Мұхаммадириф Сахмолдин, NIS халықаралық бакалавриаттан Аида Давлетова, елордадағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Санжар Бисенәлі бар, олар халықаралық беделді олимпиадаларда ел абыройын асқақтатып келеді.

Ең көп медалді Алматыдағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп мен Павлодардағы NIS оқушылары еншіледі.

Зияткерлік мектептердің республикалық олимпиададағы жаңа жарқын жеңісі NIS-тің академиялық жетістіктерінің қисынды жалғасына айналды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.