Мемлекеттік органдарда «Тиімді шағымдар қоғамы» жобасы тәжірибеге ендірілді

Понедельник, 24 Июль 2017 07:51 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2190 раз

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы­ның Президенті Н. Ә. Назарбаевтың мем­лекеттік және құқық қорғау органдарына қойып отырған басты талаптарының бірі – халықтың сенімін ақтау. Мемлекеттік органдарда «Тиімді шағымдар қоғамы» жобасы тәжірибеге ендірілді.

         Азаматтардың мемлекеттік органға сенім деңгейін, соның ішінде өтініш иелерінің заңнамамен көзделген құқықтары мен мүдделерін қорғау, консультативтік көмек көрсету, жеке және заңды тұлғаларды өтініштерімен жеке қабылдауға қатысты жұмыстарды жандандыру мен оларды жеке қабылдаудан дәлелсіз бас тарту деректеріне жол бермеу үшін, сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын мәселелерді бітімгершілік жолмен шешу, өтініш иелерінің дауласушылық деңгейін төмендету, заң бұзушылыққа төзбестік ахуалды қалыптастыру үшін халықтың құқықтық санасын көтеруге шаралар қолдану және азаматтарға қатысты заңсыз әрекеттер орын алған жағдайда, қоғамдағы өзекті әрі күрделі мәселелерді шешу мақсатында Қазығұрт ауданы әкімі аппараты жанынан қоғамдық қабылдау консультативтік-кеңесші органы (бұдан әрі – Қоғамдық қабылдау) құрылды.
         Қазығұрт аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Омаров бастаған, Ж.А.Қалдияров, М.М.Момынов, Д.Ә.Шәріп әр айдың екінші және төртінші аптасының сейсенбі күні, сағат 11:00-ден 13:00 аралығында Қазығұрт аудандық ардагерлер үйінде аудан тұрғындарын Қоғамдық қабылдауда қабылдайды. Қоғамдық қабылдауға алдын-ала (тел: 2-15-85) жазылатыныңызды назарыңызға ұсынамыз.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.