Қоғамдық қабылдаудың Е Р Е Ж Е С І

Понедельник, 24 Июль 2017 07:50 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2992 раз

Оңтүстік Қазақстан облысының

Әділет департаменті басшысының 2016 жылғы «21» қазандағы №1123-н бұйрығына 1-қосымша

Оңтүстік Қазақстан облысының әділет органдарында жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін өтініштері бойынша заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелерінің және әділет органдарының ардагерлерінің қатысуымен

 

Қоғамдық қабылдаудың Е Р Е Ж Е С І

 

І. Жалпы ережелер

1. Оңтүстік Қазақстан облысының әділет органдарында жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінің өтініштерімен заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелерінің және Әділет органдарының ардагерлерінің қатысуымен Қоғамдық қабылдау – Әділет департаментінің консультативті-кеңесші органы болып табылады.

2. Қоғамдық қабылдау өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.

3. Қоғамдық қабылдаудың шешімдері ұсыныс сипатында болады.

 

ІІ. Қоғамдық қабылдау қызметін ұйымдастырудың мақсаты,

міндеттері және қағидалары

4.Қоғамдық қабылдау қызметінің мақсаты:

Азаматтардың Әділет органдарына сенім деңгейін, соның ішінде өтініш иелерінің заңнамамен көзделген құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында консультативтік көмек көрсету, жеке және заңды тұлғаларды өтініштерімен жеке қабылдауға қатысты жұмыстарды жандандыру мен оларды жеке қабылдаудан дәлелсіз бас тарту деректеріне жол бермеу болып табылады.

5.Қоғамдық қабылдаудың негізгі міндеттері болып:

1) жеке және заңды тұлғалар қатысатын заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, құқықтық көмекті және заң қызметін көрсетуді ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету барысында қаралатын даулар (жанжалдар) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастарды бітімгершілік жолмен шешу;

2) дауды (жанжалдарды) шешу нәтижесімен екі тараптарды да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу;

3) өтініш иелерінің дауласушылық деңгейін төмендету;

4) заң бұзушылыққа төзбестік ахуалды қалыптастыру үшін халықтың құқықтық санасын көтеруге шаралар қолдану және азаматтарға қатысты заңсыз әрекеттер орын алған жағдайда, олардың құқықтарын түсіндіру;

5) өтініш иелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында қоғамдағы өзекті әрі күрделі мәселелерді шешуге байланысты бастамалар ұсыну;

6) азаматтар бостандығы мен құқықтарын қорғау аясында қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар даярлау;

7) азаматтардың бостандықтарын мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі Әділет органдарының нормативтік құқықтық актілерінің жобасын қоғамдық сараптаудан өткізу;

8) Әділет органдарының жеке және заңды тұлғаларды өтініштерімен жеке қабылдау және қарауға байланысты қызметтерді жетілдіру бойынша ұсыныстар даярлау;

9) азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі Әділет департаментінің қызметіне қоғамдық бақылауды жүзеге асыру;

10) қабылдау басталған күні келген жеке және заңды тұлғалардың өкілдері міндетті түрде қабылдау;

11) Жылына екі рет қоғамдық қабылдау атқарылған жұмыстар туралы Әділет органдарының жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңеске есеп беру;

12) Қоғамдық қабылдаудың жұмыс кестесін бұзбау;

13) Қоғамдық қабылдаудың мүшелері халықтың Әділет департаментіне деген сенімін сақтауға және нығайтуға, өзінің іс-қимылымен халық тарапынан сынға және сын үшін қудалуға жол бермеуге, сындырлы сынды кемшіліктерді жоюға және қызметін жақсарту үшін қолдануға міндетті.

6. Қоғамдық қабылдау жариялылық, еріктілік және шешім қабылдауда қоғамдық қабылдаудың мүшелері арасында тең жауапкершілік негізінде жұмыс жасайды.

Қоғамдық қабылдау барлық азаматтық қоғам институттарымен кең ынтымақтастық құмыстарын жүргізу үшін ашық.

 

ІІІ. Қоғамдық қабылдаудың құқықтары.

7. Қоғамдық қабылдаудың:

1) Әділет департаменті мен оның орынбасарларына жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауына жазу туралы ұсыныспен шығуға;

2) азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге;

3) құпиялылық қағидатын сақтай отырып, Әділет органдарының оң имиджін қалыптастыру мақсатында өз қызметін жүзеге асыруы туралы жұртшылықты хабардар етуге құқылы;

4) Қоғамдық қабылдаудың шешімдерін жүзеге асыруды мүдделі мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен іс-шаралар өткізуге құқығы бар.

 

IV.Қоғамдық қабылдаудың қызметін ұйымдастыру

8. Қоғамдық қабылдаудың құрамы және оның төрағасы Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің басшысымен бекітіледі.

Қоғамдық қабылдаудың мүшелерінің ұсынуымен қоғамдық қабылдаудың құрамында белгіленген тәртіппен өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

Қоғамдық қабылдау жұмысының тиімділігін көтеру мақсатында оның құрамы үш жылда бір рет жаңартылып отырады.

9. Қоғамдық қабылдауға Төраға басшылық етеді. Төраға болмаған жағдайда немесе оның тапсыруы бойынша қоғамдық қабылдау Төрағасының міндетін оның орынбасары атқарады.

10. Қоғамдық қабылдаудың жұмысшы органы болып Әділет департаменті болып табылады.

11. Қоғамдық қабылдау жұмысының негізгі нысаны қабылдаулар өткізу болып табылады.

12. Қоғамдық қабылдау айына екі реттен кем өткізілмеуі тиіс. Қажет болған жағдайда кезектен тыс қабылдаулар өткізіледі. Кезектен тыс қабылдаудың бастамашысы Төрағаның қарауына талқылануға тиіс мәселелер тізімін және олар бойынша шешім жобаларын ұсынады.

13. Қоғамдық қабылдаудың шешімдерінің жобалары және күн тәртібіне кірген, талданатын мәселелерге қатысты басқа да құжаттар қоғамдық қабылдаудың хатшысымен Әділет департаментіне белгіленген мерзімінен бес күн бұрын жолданады.

14. Қоғамдық қабылдаудың шешімдері Төрағаның шешуші дауысымен қарапайым дауыс беру әдісімен және ұсыныс сипатында қабылданды.

15. Қоғамдық қабылдаудың оның жұмысына қатысқан кеңес мүшелерінің саны олардың жалпы санының жартысынан кем болмаған жағдайда құқықтық мәртебелі болып танылады.

16. Қоғамдық қабылдаудың мүшелері күн тәртібіне кірген мәселелерді талқылау барысында және шешім қабылдауда тең құқыққа ие.

17. Қоғамдық қабылдаудың Төрағасы:

1) Қоғамдық қабылдау қызметінің басымдық бағыттарын белгілейді;

2) Қоғамдық қабылдауға жалпы басшылық жасайды;

3) Қоғамдық қабылдаудың күн тәртібін, ұсыныстар мен қорытынды құжаттарды бекітеді;

4) Қаралуға тиіс мәселелер бойынша барлық ақпаратты жариялайды;

5) Қоғамдық қабылдау шешімдерінің орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.

18.Қоғамдық қабылдаудың хатшысы:

1) Қоғамдық қабылдаудың мүшелеріне қабылдаудың өтетін күні және қабылдауға жазылған жеке және заңды тұлғалардың тізімдері туралы бес күн бұрын хабардар етеді;

2) Қоғамдық қабылдауға жазылатын жеке және заңды тұлғалардың тізімдерін жасайды;

3) Қоғамдық қабылдау мүшелерінің келу күндерін ұйымдастырады, хаттамасын, шешімдерін және ұсыныстар мен қорытынды құжаттарын дайындайды;

4) Қаралуға тиіс мәселелер бойынша барлық ақпаратты дайындайды.

19. Қоғамдық қабылдаудың мүшелерінің міндеттері:

1) Күн тәртібі және онда қаралатын мәселелер бойынша түзетулер мен ескертулер, ұсыныстар енгізуге;

2) Қоғамдық қабылдау мүшелігіне үміткерлерді ұсынуға, мүшелікке үміткер кісі туралы өз пікірін білдіруге;

3) Сұрақтар қоюға, анықтама беруге сондай-ақ Ережеге сәйкес Қоғамдық қабылдау мүшелерінің басқа да құқықтарымен пайдалануға;

4) Қоғамдық қабылдауға қатысты құжаттарды, оның шешімдерін дайындауға және оларды іске асыруға қатысуға;

5) Қабылдауға қатысқан жеке және заңды тұлғалардың өкілдеріне сұрақтар қоюға;

6) Қоғамдық қабылдаудың құжаттары және хаттамаларымен танысуға;

7)Қоғамдық қабылдаудың шешіммен келіспеген жағдайда қабылданған шешімге қосымша ретінде мәжіліс хаттамасына кіретін өз пікірін жазбаша түрде тіркеуге;

8) Қоғамдық қабылдаудың құзырына кіретін мәселелер бойынша Төрағаға сұрау салуға;

9) Қоғамдық қабылдау мүшелігінен кез келген уақытта шығуға құқылы.

20. Қоғамдық қабылдаудың мүшесі:

1) Қоғамдық қабылдау өткізіп жатқан қабылдауға, басқа да іс-шараларға қатысуға;

2) Орынды себептерімен қоғамдық қабылдауға қатыспаған жағдайда Төрағаны хабардар етуге;

3) Қоғамдық қабылдаудың тапсырмаларын орындауға, әдеп және тәртіп талаптарын сақтауға;

4) Қоғамдық қабылдау шешімдерін жүзеге асыруға қолдау жасауға міндетті.

21. Қоғамдық қабылдау мүшелері өз өкілеттерін басқаларға тапсыруға құқықты емес.

Қоғамдық қабылдауға қатыса алмаған жағдайда қоғамдық қабылдау мүшесі қаралатын мәселелер бойынша өз ой-пікірін жазбаша түрде ұсынуға құқылы.

22. Қоғамдық қабылдаудың ағымдағы қызметін ұйымдастыруды Әділет департаментінің Аппараты жүзеге асырады.

23. Әділет департаментінің Аппараты:

1) Қоғамдық қабылдаудың жұмыс тәртібін, оның мүшелерінің тізімін түзуді;

2) Қоғамдық қабылдау өткізуге жәрдемдесу;

3) Кезекті қабылдауға қажетті құжаттарды , қадағалау өндірістерін ұсынады және қайта түскен өтініштерді қараған орындаушылардың қабылдауға қатысуына ықпал жасайды;

4) Қоғамдық қабылдаудың қорытынды құжаттарын, шешімдерін рәсімделуін;

5) Қоғамдық қабылдаудың ағымдағы жұмыстарын қарауды;

6) Қоғамдық қабылдаудың мүшелерімен, Қоғамдық қабылдаудың жұмысын жариялау мақсатында, үкіметтік емес ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қимыл-бірлестігін ұйымдастырады.

V. Қоғамдық қабылдау қызметінің тоқтатылуы

24. Қоғамдық қабылдаудың қызметі Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының шешімімен тоқтатылады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.