«Тиімді шағымдар қоғамы» аясында қоғамдық қабылдау

Понедельник, 24 Июль 2017 07:49 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3663 раз

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік және құқық қорғау органдарына қойылып отырған басты талаптарының бірі - халықтың сенімін ақтау.

Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 17 қазан 2016 жылдан бастап «Тиімді шағымдар қоғамына» жобасы тәжірибеге ендірілді.

Жобаның мақсаты - азаматтардың құқықтарын оларға жан-жақты түсіндіру мақсатында өтініші иелерінің заңнамамен көзделген құқықтары мен мүдделерін қорғалуына консультативтік көмек көрсетіп, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің негізсіз көп сатылы қаралуына және созбалаңдыққа салынуына жол бермеу.

Осыған орай, Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде «Тиімді шағымдар қоғамына» жобасының аясында іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарда көзделген бірқатар іс-шаралар атқарылды.

Жоспарға сәйкес, «Тиімді шағымдар қоғамына» жобасының аясында іс-шаралар жоспары бекітілді.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің сапалы қаралуын қамтамасыз ету мақсатында, Алгоритм жасалды.

Жоспарда көзделген іс-шара негізінде өтініш иелеріне шағымдану құқықтарын және тәртіптерін түсіндіру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің 21.10.2016ж. №1123-н бұйрығымен «Қоғамдық қабылдау» құрылып, Қоғамдық қабылдаудың құрамы және Ережесі бекітіліп, оның құрылғаны жөнінде ғимаратта хабарландыру ілінді.

Жоспарға сәйкес, өтініштерді сапалы қарауға байланысты қалыптасқан тәжірибе мен заңдарға (нормативтік-құқықтық актілерге) өзгерістер енгізу мақсатында департаменттің қолданыстағы «Құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың Қағидасына» өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Сондай-ақ, жоспарға сәйкес «Электрондық құжат айналымның бірыңғай жүйесіне» Қазақстан Республикасы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 1 бабында көрсетілген өтініштердің түрлері базаға толығымен ендірілді.

Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің бұрыштамаларына өтініштің түрлерін, қарау құзіретін және уәждерін қарауға байланысты атқарылатын іс-шараларды анықтап, бағыт беру тәжірибесін қолдану мақсатында бұрыштама жасалып, тәжірибеде қолдануда.

Департаменттің қолданыстағы «Құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың Қағидасына» мекеме басшысының құжаттарға қол қою құқықтары, оның ішінде өтініштер бойынша жауаптарға қол қою құзіретін нақтыланып, бекітілді, өтінішті қарау нәтижелері бойынша қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданған өтініштерге жауап беру құзіреті енгізілді.

Сондай-ақ, ғимаратта жоба негізінде дайындалған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің әзірленген үлгілерін орналастыруға қабырғалық стенді жасалып, көрнекті жеріне ілінді.

Өтініштерді қарауға байланысты орын алып отырған түйінді мәселелер тақырыбында департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімше қызметкерлерінің қатысуымен бейнеконференция байланысы арқылы семинар кеңестер жүйелі түрде өткізіліп отырады / азаматтарға заңсыз әрекеттер орын алған жағдайда, заңнамамен көзделген құқықтарын түсіндіру, азаматтардың өтініштері мен жеке қабылдау бойынша жұмыстарын жетілдіру мәселесі талқыланды/.

       Азаматтардың өз өтініштері мен уәждері бойынша Әділет департаменті жанынан құрылған айына екі рет өткізілетін Қоғамдық қабылдауға келуге және алдын ала жазылуға болатыны аудан тұрғындарының назарына жеткіземіз.

     Қоғамдық қабылауға азаматтардың алдын ала жазылуы үшін байланыс телефондары Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің интернет ресурсында орналастырылған немесе 35-31-65, 33-85-89, телефондары жұмыс істейді.


Заңды тұлғаларды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, «Заңгерлер одағы »
ҚБ мүшесі Бибігүл Әбдіраманқызы Әбдәлиева

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.