Мемлекеттік қызметшілерінің басты міндеті

Среда, 30 Ноябрь 2016 04:50 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3679 раз

mem kyz min 95Қазақстан Республиканың өз алдына дербес мемлекет болып, тәуелсіздігін алғанына биыл 25 жыл толғалы отыр.

Еліміз тәуелсіздік алғалы Президентпен, Қазақстан Республикасының Үкіметі ел экономикасын түрлендіру және дамыту бойынша көптеген Заңдар мен Қаулылар қабылданды.

Соның ішінде ағымдағы жылдан бастап мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптар жоғарылады. Бұл талаптар мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы»    2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығына сәйкес күшіне енген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде айтылған.

Жаңа Әдеп кодексінде қабылданған шешімдердің заңдылығы, әділдік пен ашықтықтығын қамтамасыз ету, қыз­меттік міндеттерді тиімді орындау және кәсіби деңгейін арттыру, жеке мәселелерді шешу тұрғысында қызметтік лауазымын пайдалануға тыйым салу, іскерлік әдеп пен ресми іс-қимыл ережелерін сақтау секілді жайттар толық қамтылған. Сондықтан да аталған кодекс мемлекеттік қызметкерлерге үнемі көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға нақты талап қояды.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті және ресми іс-қимыл ережелерін ұстануы, сырт келбетінің қарапайым әрі ұқыпты болуы үйреншікті жағдайға айналуы керек.

Сонымен қатар «халық қызметшісі» қоғам тарапынан сын тудыруы мүмкін шындыққа жанаспайтын ақпараттарды таратуға кез келген қимылды болдырмауы, мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар үшін өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.

 


Шымкент қаласының

жер қатынастары

бөлімінің басшысы Қ.Сайлауов

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.