Азаматтардың назарына «АЙҚЫН» жобасы!!!

Среда, 29 Июнь 2016 09:46 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 4560 раз

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 18 желтоқсан 2015 жылғы №147 санды бұйрығына сәйкес, мемлекеттік органға тікелей жазбаша жүгінген кезде, өтінішті қабылдаған кеңсе қызметкері Сізге 18 таңбалы бірегей нөмірі бар талон беруге міндетті.Осы нөмір арқылы Сіз өз өтінішіңіздің қаралу барысы және нәтижелері туралы ақпарат ала аласыз.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдарда өтініштің қаралу статусын және жауаптың қысқаша мәнін Сіз түбіртектегі почта жөнелтілімінің нөміріне +55555 санын (мысалы RZ147258369KZ55555) көрсету арқылы біле аласыз. Осы тәртіп бұзылған жағдайда 115 нөмірі арқылы ҚР Бас прокуратурасының Саll - орталығына хабарласуға болады.

Ақпаратты төмендегі тәсілдермен алуға болады:

Комитеттің http://service.pravstat.kz сайтына кіріп, «Мемлекеттік органдарға өтініш» бөлімін таңдап, талон нөмірін теріп;

1414 (ұялыдан) немесе 8 800-080-7777 (стационардан) телефоны арқылы (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) қоңырау шалып;

талон нөмірімен 1012 нөміріне SMS хабарлама жібере отырып (барлық байланыс операторларына 15 теңге) мәлімет алуға болады.«Айқын» жобасы қазіргі таңда барлық мемлекеттік органдарда енгізіліп, толық жүзеге асырылуда.

«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген, әрдайым жаңа заңдар мен жобалардан хабардар жүріңіздер. Сіздің құқығыңызды сізден артық ешкім қорғай алмайды!

 

У. Кенжебаева,
Абай ауданы бойынша құқықтық статистика және арнайы
есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау бас маманы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.