Арыз-шағымды тіркеу электронды түрде жүргізілуде

Пятница, 24 Июнь 2016 08:19 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 5506 раз

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Күқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті тарапынан қылмыстар туралы хабарламалар мен арыз-шағымдарды қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарау жүйесін дамытуга ерекше назар аударылып, осы саланы дамытудың жаңа кезеңін бастады. Осы мақсатта қылмыстар туралы хабарламалар мен арыз- шагымдарды электронды тіркеу енгізілді.

Электронды арыздарды есепке алу кітабы қазіргі уақытта өзінің тиімділігін дәлелдеуде. Қылмыстар туралы хабарламалар мен арыз- шагымдарды қабылдау және қарау жүйесін жетілдіруде жүзеге асырылган шаралардың тагы бірі ол - арызданушыга электронды талон-хабарлама беру.

Осы жоба азаматтарға құқық қорғау органдарына тікелей жүгінбей, интернет арқылы электронды түрде арыз-шағымдарды жолдауға мүмкіншілік жасады.

Оған қол жеткізу үшін тек электрондық цифрлық қолтаңба және интернет қана қажет.

Құзырлы орган қызметкерлеріне электронды түрде жолданған арыз- шағымдарды тіркемеуге және жоюға ешқандай мүмкіншілігі жоқ, яғни арыздың уақытылы тіркеліп, қаралуының кепілі болады.

Сонымен қатар, осы жобаның арқасында құқық қорғау органдарына бармай-ақ жолданған арызыңыздың қаралып жатқандығы туралы мәліметті Интернет-сайттан мына мекенжай httр://service.pravstat.kz арқылы ала аласыз.

Егерде арыз-шағыммен қылмыстық қудалау органына, соның ішінде учаскелік инспекторға тікелей жүгінген болсаңыз арыз берушіге, оның өтініші қабылданганы туралы бірегей нөмірлі талон-хабарлама беріледі. Талон-хабарлама екі бөлімнен түрады: өтінішті және хабарламаны тіркеген қылмыстық қудалау органында қалатын талон-хабарламаның, сонымен қатар өтініш иесіне берілетін жыртылмалы талон-хабарламаның түбіртегі. Талон- хабарламалар түбіртектерінің түпнүскалары катаң есептілік күжаттары болып табылады.

Жыртылмалы талон-хабарламаның теріс жағында Интернет-сайттың мекенжайы: http://service.pravstat.kz, 1012 телефон нөмірлері (SMS-сервис), 8 800 080-7777 (стационардан), 1414 (ұялыдан) көрсетілген, осы телефондар арқылы өтініш иесі тиісті ақпаратты және өтінішті қабылдаған қылмыстық қудалау органының телефонын ала алады.

У Кенжебаева,
Абай ауданы бойынша қүқықтық статистика және арнайы
есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау бас маманы

Последнее изменение Пятница, 24 Июнь 2016 09:35
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.