Шымкент қалалық аумақтық референдум комиссиясының ҚҰРАМЫ

Среда, 11 Сентябрь 2024 06:08 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 962 раз

"Шымкент қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" Шымкент қаласы әкімінің 2018 жылғы 14 қарашадағы № 9 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

 

Шымкент қаласы әкімінің 2024 жылғы 13 тамыздағы № 2 шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2024 жылғы 13 тамызда № 220-17 болып тіркелді

         

Шымкент қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

         1. "Шымкент қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" Шымкент қаласы әкімінің 2018 жылғы 14 қарашадағы № 9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

        
көрсетілген шешімге 1-қосымшада:

          № 68, № 172, № 213, № 214, № 221, № 235, № 236, № 262, № 284, № 294, № 308 және № 324 сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары осы шешімнің
1-қосымшасына сәйкес өзгертілсін;

Абай ауданы осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес жаңадан ашылған № 342, № 343, № 344 және № 345 сайлау учаскелерімен толықтырылсын.

          2. "Шымкент қаласының Абай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

          1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

          2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

          3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысына жүктелсін.

          4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шымкент қаласының әкімі                     Г. Сыздыкбеков


Шымкент қалалық аумақтық референдум комиссиясының ҚҰРАМЫ


Шымкент қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары

Последнее изменение Среда, 11 Сентябрь 2024 06:53
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « test