"БЖЗҚ" АҚ-да "Ашық есік күні"

Пятница, 14 Июнь 2024 06:57 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 1283 раз

Халық арасында жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 2024 жылдың 11 маусымында "БЖЗҚ" АҚ "Цифрлық БЖЗҚ. Қордың электрондық қызметтеріндегі жаңашылдықтар" тақырыбында "Ашық есік күнін" өткізеді.

Қазір БЖЗҚ салымшылары Қор көрсететін қызметтердің 90% астамын әртүрлі электрондық сервистердің көмегімен алады. Шоттарды ашу және төлемдердің көптеген түрлерін жүзеге асыру қызметі жоғары сұранысқа ие болғанына қарамастан, соңғы уақытта Қордың электрондық түрде көрсетілетін басқа да қызметтеріне де сұраныс артып келеді. Олар: деректемелерге өзгерістер немесе толықтырулар енгізу, үзінді көшірмелердің түрлерін қарау және оларды алу, зейнетақы калькуляторының көмегімен зейнетақыны болжамды есептеу және басқалар.

Онлайн-кездесу форматында өтетін іс-шара барысында БЖЗҚ мамандары қатысушыларға осы және басқа да электрондық қызметтер, оның ішінде 2024 жылы енгізілген қызметтер және оларды алу үшін не қажет екендігі туралы баяндап береді.

Онлайн кездесуге барлық ниет білдірушілер, сондай-ақ БАҚ өкілдері шақырылады. Бұл салымшыларға да, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты жаңалықтарды жариялайтын журналистерге де пайдалы болады деген үміттеміз.

Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» 11 маусым сағат 10-00 нан 17-00 дейін онлайн форматта 3 сессиядан өтеді:

1 сессиясы сағат 10-00 өтеді (қосылу уақыты сағат 09-30);

2 сессиясы сағат 12-00 өтеді (қосылу уақыты сағат 11-30);

3 сессиясы сағат 15-00 өтеді (қосылу уақыты сағат 14-30).

Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әрбір қатысушы:

1 сессия - https://enpf.webex.com/weblink/register/r571e49db0a7819f50c01cb14b9703809

сілтемесімен өту керек.

2 сессия- https://enpf.webex.com/weblink/register/r5fb28792ed353c72d5b9e3a509739787

сілтемесімен өту керек.

3 сессия- https://enpf.webex.com/weblink/register/r81bde34d1151d2b5fdc454f44d23faea

сілтемесімен өту керек.            

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.