Жолдау мақсатты айқындады

Пятница, 09 Сентябрь 2022 07:52 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 883 раз

students

Президент Жолдауы еліміздің өскелең ұрпағына ерекше назар аударуды айғақтайды. Еңбек пен тәжірибеге көбейтілген білім бірыңғай мақсаттармен, ресурстармен біріктірілген бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастырудың экономикалық саясатының негізгі бағдарына айналуы тиіс.

Президенттің барлық бастамалары халықтың арасынан қолдау тапты, бұған таяуда өткізілген жалпыұлттық референдумның нәтижелері айқын дәлел бола алады. Осыған орай Мемлекет басшысының реформалар жүйесі барлық азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жаңа, әділ қоғам құрудың тиімді әдістерінің біріне айналы тиіс.

Жолдауда әлеуметтік-экономикалық өзекті мәселелерді шешу басты орын алады. Президент шикізатқа тәуелділіктен арылудың, еңбек өнімділігін арттырудың, инновацияларды ынталандырудың, кірістерді неғұрлым әділ бөлудің, ең алдымен, қазақстандықтардың әл-ауқатының сапалы және инклюзивті өсуінің пәрменді тетіктерін ұсынады. Бұл ретте кідіріссіз шешуді талап ететін негізгі проблемалар барлық экономикалық субъектілер үшін тең жағдайларды қамтамасыз ету, бәсекелестікті ынталандыру, бизнеске бюрократиялық жүктемені төмендету және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің тиімділігін арттыру болып табылады.

Ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастыру денсаулық сақтау және білім беру саласындағы сапалы әлеуметтік стандарттарға қол жеткізуге негізделген. Денсаулық сақтау саласының проблемалары, атап айтқанда, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін, әсіресе ауылды жерде ерекше маңыздылығын айқындайды. Жолдауда денсаулық сақтау жүйесін реформалау және алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қол жеткізу бойынша алдағы қадамдар айқындалған. Балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамтуды арттыру жедел шешуді талап ететін маңызды проблема болып табылады. Мемлекет барлық деңгейдегі оқу орындарына жан-жақты қолдау көрсететін болады, қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін оқу орындарын құру, еңбек нарығында сұранысқа ие және әлемдік ауқымдағы инновациялық өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді жасау және іске асыру дағдылары бар отандық және шетелдік кәсіпорындардың қажеттіліктеріне жауап беретін мамандар даярлау көзделеді.

Бұл ЖОО, колледждер мен кәсіптік лицейлер қызметінің мақсаты мен бағыттарын айқындайды, біздің университет үшін білім беру бағдарламаларын іске асыруға жаңа серпін береді. Білім беру жүйесіндегі маңызды жаңалық, ҰБТ нәтижелеріне байланысты сараланған дербес білім беру ваучерлері мен білім беру гранттарын енгізу болып табылады, бұл дарынды жастардың жоғары білім алуына кепілдік беруге мүмкіндік береді.

Алдағы өзгерістердің саяси және экономикалық маңыздылығы, сондай-ақ, стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталу, әр қазақстандық пен елдің проблемаларына назар аудару ең үздік әлемдік әлеуметтік-экономикалық жағдайларына қол жеткізу, елдің адами әлеуетінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін бағдар болып табылады.

Азиза Мергенбаева,
М.Әуезов атындағы ОҚУ «Экономикалық теория»
кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.