Бүгін Шымкенттегі «Гарант» дүкені аумағында арнайы жасақ қызметкерлері деструктивті діни ағымдарының ұстанушыларынан құралған қылмыстық топты ұстады. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді.
ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы таратқан мәлімет бойынша, таңертең «Гарант» дүкені аумағында ОҚО ІІД және ОҚО ҰҚК қызметкерлері бірлесе отырып, деструктивті діни ағымдарының ұстанушыларынан құралған қылмыстық топты құрықтау бойынша арнайы іс-шарасын өткізген.
Тергеудің нұсқалары бойынша бұл топ мүшелері ұрланған телефондарды алып сатумен айналысқан. Олар мобильді құрылғылардың идентификациялық кодын өзгертіп келіпті. Сондай-ақ ұялы телефондарға экстремистік сипаттағы ақпараттарды жазып, сатып отырған.
Қазіргі таңда ұсталғандар уақытша тергеу абақтысына қамалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.