Сәкен САҒЫНДЫҚОВ: «Тәуелсіз ел ретіндегі таңдауымыз»

Пятница, 15 Сентябрь 2017 07:58 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3219 раз

Сәкен САҒЫНДЫҚОВ,
 М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Өзін-өзі басқару «Студенттік кеңес» ұйымы  студенттік ректор кеңесшісі:

saken-73

– Еліміздің латын әліпбиіне көшуі ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Ұлы Дала елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші байлығы – жер, екіншісі – тіл, үшіншісі – мемлекет және оның тарихы болуы керектігі айтылған. Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді болар еді. Түбі бір түркі дүниесі негізінен латынды қолданады. Біз олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек. Қазіргідей қуатты мемлекетте өмір сүріп жатқан кезеңде бұл жазуды қолдап алып кетпесек, өркениетті елдердің қатарына ілесе алмаймыз. Себебі, латын әліпбиі әлемдегі ең танымал жазулардың бірі саналады. 

Латын әліпбиіне көшу – ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлеммен ықпалдасып, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады.

Последнее изменение Пятница, 15 Сентябрь 2017 08:22
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.