Алдағы күндері Оңтүстік- Батыстан келетін құрғақ, жылы ағымдардың әсерінен Шымкентте күн қызуы 40 градустан асады.
Бұл туралы «Қазгидромет» РМК ОҚО бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Жанат Жәрменова мәлімдеді.
– Жылы ағымдардың әсерінен 29 шілдеге дейін күн қызуы Оңтүстік Қазақстан облысында түнгі уақытта 23-28, ал күндіз 37-42, кей жерлерде 45 градусқа дейін көтерілуі күтілуде. Бұл аптада ауа райы жауын-шашынсыз, құрғақ болады, – дейді Ж. Жәрменова.
Синоптиктің айтуынша, шілденің аптап ыстығы 29-ынан кейін басылып, ауа температурасы аздап салқындайды.