Еңбекші ауданының әкімі халық алдында есеп берді

Понедельник, 16 Январь 2017 11:01 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5333 раз

         DSC 0298 1Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов 2016 жылы атқарған жұмыстары бойынша тұрғындар алдында есеп берді. "Бадам-1" тұрғын алабындағы № 105 орта мектепте өткен жиынға қала әкімінің орынбасары Тимур Баймұханов, мәслихат депутаттары, қалалық құрылымдық бөлімдердің басшылары, аудан тұрғындары қатысты.
         Есепті жылда аудан көлемінде атқарылған жұмыстар аз емес. Өткен жылы 858 шағын кәсіпкерлік субьектілері тіркеліпті. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері ауданда кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Мәселен, былтыр ауданда 37 көше орташа жөндеуден өтсе, 9 көшеге аяқжолдар салынды.
         Сондай-ақ, аумақты көріктендіру, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, спорттық іс-шаралар бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылған.
         Тимур Сұлтанбекұлы аудан әкімінің есебін оң бағалады. Аудан тұрғындары да өз кезегінде атқарылған жұмыстарға көңілі толатынын мәлімдеді. Дегенмен, әлі де жарық шам орнату, әлеуметтік нысандар салу сынды ұсыныс-тілектерін де айтты.
         Ғалымжан Молдабайұлының ендігі есеп беру кездесуі 18 және 20 қаңтарда өтеді.

Последнее изменение Вторник, 17 Январь 2017 04:09
Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.