«Алтын күз» – қоғамдық келісімге үндейді Избранное

Среда, 28 Сентябрь 2016 05:00 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4772 раз

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және өзбек этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күніне орай "Абай" саябағында «Алтын күз» мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды. Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков, Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ерік Өтембаев сөз сөйлеп, қоғамдық келісім мен елдің бірлігі мемлекетіміздің басты байлығы екендігін атап өтті.

Елдегі тұрақтылықты, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мақсатында өткен шараға Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, облыстық этномәдени бірлестіктер төрағалары, өзбек этномәдени бірлестігінің аудан, қалалардағы филиалы басшылары мен өкілдері, өзбек халқының зиялы қауым өкілдері қатысты. Мерекелік жиында ынтымақтың ұйытқысы болып жүрген азаматтар Қазақстан халқы Ассамблеясының және облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Последнее изменение Среда, 28 Сентябрь 2016 05:17
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.