×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Алыстағы ағайынға көмек – бiрлiктiң белгiсi Избранное

Среда, 27 Июль 2016 04:41 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4653 раз

Моңғолия Республикасы, Баян-Өлгей аймағында орын алған селдің зардабынан 700-ге жуық қандасымыз зардап шегіп, көбі баспанасыз қалған еді. Төтенше жағдайға көмек қолын созуға ең алғашқылардың бірі болып Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің қолдауымен белсенді жастар атсалысты.

mongolia

Облыс әкімдігінің қызметкерлері бір күндік жалақыларын аударса, кәсіпкерлердің демеушілігімен 7 тоннаға жуық ұн, 1 тонна макарон, 1000 банка тұздалған қияр және кондитерлік өнімдер, ірімшік, шұжық, тауық еті, басқа да азық-түлік пен 5000 дана шұлық жөнелтілді. Сондай-ақ, зардап шеккен 5 отбасының үй салуға жұмсайтын құрылыс материалдарын облыс тұрғындарынан жиналған 3 млн теңге көлеміндегі қаражатпен қамтамасыз ететін болды.
– Баян-Өлгейдегі қандастарымызға көмек көрсетуде көлік мәселесін шешіп, кедендік құжаттарды рәсімдеуге және басқа да ұйымдастырушылық жұмыстарға облыс әкімі Б.Атамқұлов қолдау көрсетті. Моңғолиядағы жағдайды көзбен көріп, қандастарымызға гуманитарлық көмекті жеткізілгеніне өзім куә болып қайтамын, – дейді «Бізбен бірге» қоғамдық қорының төрағасы А.Аңдабаев.

Ақмарал МОЛДИЯРҚЫЗЫ

2004 жылы ОҚГА, журналистика факультетін бітірген. Бұған дейін «Ақиқат-Истина», «Оңтүстік спорт» газеті мен «Ерқанат-спорт» баспасөз орталығында, «Ернұр» корпорациясында және М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да жұмыс істеген. 2016 жылдың мамыр айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.

Другие материалы в этой категории: « Лаңкестiкпен қалай күресемiз? Қант бағасы өстi »