Шымкент қаласының тұрғындары Сыздықовтар отбасысы республикалық референдумға қатысты. «Мерейлі отбасы 2024»байқауының жеңімпаздары жанұяның татулығы мен бірлігін тағы бір көрсетті. «Ел болам десең бесігіңді түзе» дегенді ұстанатын ақсақал Анарбай Сыздықов ұл-қыздары және немерелерімен келіп дауыс берді. ⠀
⠀
- Шаңырағымыздың шаттығы балалар. Олардың ертеңгі күні патриотшыл болып өсу үшін, саяси шешімдерге белсенді түрде қатыстыруымыз керек. Бүгінгі референдумға бір отбасыдан 11 адам келіп тұрмыз. Барлығымыз өз таңдауымызды жасадық,-дейді Анарбай Сыздықов. ⠀
Сондай-ақ, 18 жасқа жаңа толған бұл отбасының мүшесі Аружан Ерланқызы алғаш рет сайлауға қатысып жатқандығын айтты. ⠀
⠀
- Еліміз үшін маңызды шешім қабылдауға үн қоса алатыным үшін қуаныштымын. Жақында ғана 18 жасқа толдым. Референдумға келген әрбір тұрғынға алғыс білдіремін. Олар ең маңызды оқиғаға куә болуда,-дейді Аружан Ерланқызы.
МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ 2024: СЫЗДЫҚОВТАР ӘУЛЕТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ
Воскресенье, 06 Октябрь 2024 15:27 Автор Редакция Опубликовано в Қоғам Прочитано 378 разРедакция
Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.