РЕФЕРЕНДУМ ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ БІРЛІГІН БЕКЕМДЕЙ ТҮСЕДІ Избранное

Пятница, 20 Сентябрь 2024 05:11 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 427 раз

Елімізде 6 қазан күні өтетін республикалық референдумның маңызын азаматтарға түсіндіру мақсатында қаладағы Достық үйінде дөңгелек үстел мәжілісі өтті. Іс-шараға қалалық мәслихат депутаттары және қалалық ҚХА жанындағы ақсақалдар кеңесі мен «Ассамблея жастары» қоғамдық ұйымының мүшелері қатысты.

аэс

 

Жиында АЭС салудың қажеттілігі, жалпыұлттық референдумға қатысудың маңызы жан-жақты талқыға түсті. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-дың профессоры Халима Сартаева АЭС салудың ғылыми аспектілеріне тоқталып өтті.
– Еліміз уран өндіруден және оның қорынан әлемде алдыңғы елдердің қатарында. Біз осындай мүмкіндіктерімізді пайдаланып жаңа өндіріске көшуді ойластыруымыз қажет. Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде атом электр станциялары жұмыс істеп тұр. Атом энергетикасы бір орында тұрған жоқ. Даму кезеңдерін өткізуде. Оның қауіпсіздігі, экологияға зиянсыздығы тақырыптарында зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Сондықтан бізге тәуекел етіп, жаңа өндіріске көшу міндеті тұр. Біз үлкен таңдаудың алдында тұрмыз. Энергетика саласы одан әрі дамуы үшін бізге АЭС салудың маңызы зор, – деді ОҚПУ профессоры.
Сондай-ақ, жиында қалалық мәслихат депутаты Талғат Балтабаев, қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Тахирбек Нышанбаев күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша ой-пікірлерін айтты. Мәслихат депутаты АЭС құрылысының маңызын, болашақ ұрпаққа қажет екенін халыққа түсіндірсе, көпшілік оны қолдайтынын атап өтті.
Спикерлер жалпыұлттық референдум барша отандастарымызды біріктіретінін және әрбір азамат өз таңдауын жасайтынын айтып, саяси науқанға бірауыздан қатысуға шақырды.

 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.