Зерделеу жұмыстарына «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ғани Ташқараев, комиссия мүшелері Бақытжан Жақсықұлов, Жанзақ Алибеков, Хайрулла Сарсенов және Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тұрманов қатысты.
«Жұлдыз» индустриалды аймағында орналасқан «First Concrete company» ЖШС – темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыттың құрылысы 2022 жылы басталған. Мердігер компанияның мәліметінше ағымдағы жылдың қараша айында зауыт пайдалануға беріледі. Ивестициялық құны – 4,7 млрд. теңгені құрайтын темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыттың өндірістік қуаты жылына 60 мың текше метрді құрайды. Аталған нысанның құрылысы қазіргі таңда 90 пайызға аяқталған. Жоба іске қосылған кезде 180 жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі.
Г.ТЕМІРХАНҚЫЗЫ