Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) төлеуден, егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар босатылады. Сонымен қатар, жұмыс берушіге жоғарыда аталған адамдардың өтініші негізінде БЖЗҚ-ға МЗЖ ұстап қалуға және аударуға рұқсат етіледі. Осылайша, мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар қазақстандықтар жұмыс орны бойынша БЖЗҚ-да МЗЖ ұстап қалуға келісім беру туралы өтініш беруге құқылы.
Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, БЖЗҚ-дан белгіленген кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері түрінде зейнетақы төлемдерін алуға құқылы. БЖЗҚ "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылатын салымшының (алушының) келісімімен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі" ақпараттық жүйесінен мүгедектікті белгілеу туралы мәліметтерді дербес сұратады.
Зейнетақы жинақтарын төлеуге өтінішті БЖЗҚ кеңсесіне жеке өзі немесе сенім білдірілген тұлға арқылы, enpf.kz интернет-ресурс арқылы беруге, сондай-ақ, пошта байланысының қызметтерін де пайдалануға болады. Бұдан басқа, БЖЗҚ-да ең алдымен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға зейнетақы қызметтерін көрсететін мобильді топтар жұмыс істейді. Сіз enpf.kz сайтының «Электрондық сервистер" бөлімінде барып қызмет көрсетуге де өтініш бере аласыз.