Қала әкімінің орынбасары 2024 жылдың 5 айдағы қорытынды есепті тыңдап, жауаптыларға бұл мәселеге едәуір жауапкершілікпен қарау қажеттігін жеткізді. Атап айтқанда, 5 айдың қорытындысы бойынша 686 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 496, 5 %-ға (2023 ж. 115 ЖКО тіркелген) өскен. Сонымен қатар, шаһарда мопед, скутерлердің қатысуымен 57 жол-көлік оқиғасы тіркелген.
А.Кәрімов жағдайды тез арада жақсарту мақсатында кешенді шаралар қабылдау және осы салаға бекітілген әрбір қызметкердің жауапкершілігін күшейтуде тиісті тапсырмалар берді.
Сонымен қатар, отырыс барысында жол белгісінің көрінуіне кедергі келтірген ағаш пен бұталарды кесу жұмыстарын күшейту, жол қауіпсіздігін сақтау мәселесінде әзірленген бейнероликтер мен жаднамаларды әлеуметтік желіде тарату, сондай-ақ жол-қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінде жұмыстарды үйлестіру қызметін жақсарту жөнінде бірнеше ұсыныстар енгізілді.