Құрбандық шалатын орындар анықталды

Среда, 12 Июнь 2024 06:35 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 178 раз

Шымкенттегі барлық мешітте 16 маусымда таңғы сағат 6. 00-де Айт намазы оқылады. Мереке күні қалада бекітілген мал сою орындарында сағат 08.00-ден бастап құрбандық шалу рәсімі жүзеге асырылады. Осыған орай ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясы адам мен жануарларға ортақ аса жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау, қорғау мақсатында тиісті тәртіпке назар аударуды талап етеді.

Құрбандыққа шалатын малдақұлақ жапсырмалары, яғни АШЖБ тіркеуде болуы тиіс. Құрбандық малының №1 нысанды ветеринариялық анықтамасы болуы міндетті және тек бекітілген орындарда сойылуы қажет. Сонымен қатар, алынған етті балалар үйіне, балабақшаға, ауруханаға, мешіттерге өткізген жағдайда №2 нысанды ветеринариялық анықтамасы талап етіледі және арнайы температуралық режим сақталған көлікпен тасымалдануы тиіс.
Қала аумағында мал союға арналған 3 орын бекітілді. Олар:
1. «Замин» мал сою бекеті. Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабына қарасты А-Темур көшесі, н/з. Байланыс телефоны: 8775 930 64 44
2. «Халал Қассаб» мал сою бекеті. Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Бозарық-3 тұрғын алабы, №1989 учаске. Байланыс телефоны: 8701 392 83 09
3. «Байтерек Агро» мал сою бекеті. Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабы, Махмут ата көшесі, №72 учаске. Байланыс телефоны: 8778 122 31 11
Сондай-ақ онлайн режимде құрбан шалуға болады. Қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2024.kz сайты жұмыс істейді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.