ОТАНШЫЛ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ – ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА Избранное

Пятница, 10 Май 2024 05:22 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 293 раз

Шымкентте 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне орай «Азаматтық тәрбие: Тұжырымдама, тарихи ретроспективасы және қалыптастыру ерекшеліктері» атты форум өтті. Азаматтық-патриоттық тәрбиені, ұлтжандылық қасиеттерді дәріптейтін іс-шараға білім беру ұйымдарының басшылары, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімдері қатысты.

orleu

 

Жиынның құрметті қонағы болған «Мұрагер» Бейбітшілік шарты әскери күштерінің ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Үсенбатыр Арзықұлов бүгінгідей форумдардың жас буын өкілдерін тәрбиелеуде аса маңызды екенін атап өтті.
– Біздің бірлестіктің алға қойған бас міндеттерінің бірі – жастар тәрбиесі. Шектеулі мүмкіндіктерімізге байланысты жас буынның қасында әрдайым бола бермейміз. Сондықтан мектеп қабырғасында алғашқы әскери дайындық және технология пәнінің ұстаздары оқушылардың бойына патриоттық, отансүйгіштік сезімдерін сіңдіруі қажет. Мектептер арасында «Айбын» әскери-патриоттық жарысы өтіп жатыр. Оқушылардың құлшынысын, намыс, жігерін көрген кезде жүрегіміз қуанышқа толады. Сол жастарға бағыт-бағдар көрсетіп, қолдау көрсету ұстаздардың басты міндеті, – деді Үсенбатыр Арзықұлов.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтының қабырғасында өткен форумда әскери қару-жарақ және техникалар көрмесі де ұйымдастырылды.
Институттың «Психология, инклюзивті білім беру және кәсіби даму» кафедрасының аға оқытушысы Бертай Төкеев «Патриоттық әндердің азаматтық тәрбиені қалыптастырудағы маңызы» атты баяндамасын оқыды.
Жиын соңында өнегелі ұрпақ тәрбиесінде тер төгіп жүрген Шымкент қаласының ұлағатты ұстаздары алғыс хаттармен марапатталды.

А.ОРАЗАЛИЕВ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.