Версия для печати

Мектеп оқушыларымен ерлік сабағы өтті Избранное

Пятница, 26 Май 2023 04:36 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 730 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Қалада жастар арасында Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Жас сарбаз» жобасы аясында, «Отан алдындағы борышын өтеу» тақырыбында ерлік сабақтары мен ақпараттық-насихаттау жұмыстары басталды.

96

 

Өскелең ұрпақтың елге, жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында өткен ақпараттық-насихаттау жұмыстары қаламыздағы №24 IT мектеп-лицей, Б.Садықов атындағы №112, №28, Терешкова атындағы №31 жалпы орта білім беретін мектептердегі оқушылар арасында жүргізілді.
Патриоттық жиында «Бәйтерек» жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінң төрағасы Р.Қонысбеков , қалалық білім басқармасының Әдістемелік орталығы КММ «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің әдіскері Б.Нұсқабаев егемен еліміздің қасиетті қорғаны болу – қазақ халқының барша ер-азаматтарының ұлы борышы екендігін түсіндіріп, батыр ата-бабаларымыздың ерлігін сөз етті.
Айта кетейік, ерлік сабақтары білім беру мекемелерінде жыл соңына дейін жалғасын табады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.