Версия для печати

МӘМС АЯСЫНДА 200-ГЕ ЖУЫҚ ПАЦИЕНТ КӨМЕК АЛДЫ

Пятница, 26 Май 2023 04:29 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 763 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Мемлекетімізде МӘМС жүйесі енгізілгеннен бастап, тегін медициналық көмектін кепілдік берілген көлемі шеңберіне кірмейтін қымбат медициналық көмек, жоғары технологиялық оталарды тегін алу мүмкіндігі берілді.

 

Шымкент қалалық № 4 емханасында 2023 жылдын 1 қаңтарынан бастап осы күнге дейін МӘМС пакеті бойынша 178 – науқасқа, ал ТМКК-нің жаңа моделі бойынша 29 науқасқа ота жасауға жолдама беріліп, сәтті өтті.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында отадан өткен А есімді науқас күз айында тұрмысқа шығып, бала көтеруді жоспарлап жүрген. Пациент өзін әлсіз сезініп және тәбеті жоқ екенін айтып шағымданып келген болатын. Емхана қызметкерлері қысқа мерзімде барлық қажетті талдауларды, құжаттарды жинауға, порталға тұруға көмектесті. УДЗ нәтижесі бойынша түрлі талдаулар мен тексерулер барысында дәрігерлер пациенттің бауырында эхинакок құрты пайда болғанын анықтады. Бұл кез келген адамды қорқытып толғандыруы мүмкін. Бірақ дәрігерлер бұл жағдайда жедел шаралар қабылдап, ота сәтті өтті. «Бұл сәттер мен үшін өмірдегі қиын кезеңдердің бірі болды, бірақ дәрігерлердің тәжірибесі мен кәсібилігінің арқасында оларды жеңе алдым»-деп еске алған пациент, Шымкент қалалық № 4 емхана дәрігерлеріне көрсетілген көмектері үшін ризашылығын білдірді.
МӘМС шеңберінде емдеу тегін жүргізілді. Қазір қыз өзін жақсы сезінеді, отадан кейін жүргізілген талдаулар оң нәтиже көрсетті, үш айдан кейін зерттеу-талдау жүргізіледі, бірақ бұл тек қажетті сақтық.

Н.КЕНЖАЕВА,

Шымкент қалалық № 4 емхананың акушер-гинекологы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.