САЙЛАУ БИЛІК ПЕН БҰҚАРАНЫҢ БІРЛІГІН КӨРСЕТТІ Избранное

Среда, 23 Ноябрь 2022 04:24 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1224 раз

ҚР Орталық сайлау комиссиясы отырысында 20 қараша күні өткен кезектен тыс Президент сайлауының түпкілікті қорытындысы жарияланды. ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің
дерегінше, Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6 млн 456 мың 392 сайлаушы немесе сайлаушылардың 81,31 пайызы дауыс берген. «Бәріне қарсымын» бағанын 460 484 немесе 5,8 пайыз сайлаушы таңдаған.

831

 

Сонымен бірге, Жигули Дайрабаевқа – 271 641 немесе 3,42 пайыз, Қарақат Әбденге – 206 мың немесе 2,6 пайыз, Мейрам Қажыкенге – 200 907 немесе 2,53 пайыз, Нұрлан Әуесбаевқа – 176 116 немесе 2,22 пайыз және Салтанат Тұрсынбековаға – 168 731 немесе 2,12 пайыз дауыс берілген.
Нақтыланған сайлаушылар тізімдеріне сай, жалпы сайлаушылар саны 11 млн 953 мың 465 адамды құрады. Оның 8 млн 300 мың 46 адамы немесе 69,44 пайызы дауыс беруге арналған бюллетендерді алды.
Дауыс беру күні ҚР Президенттігіне кандидаттардың 11 мыңнан аса сенім білдірген адамы, шетелдік халықаралық ұйымдардың 641 байқаушысы, саяси партиялардың 15,5 мыңнан аса байқаушысы, қоғамдық бірлестіктерден 30 мыңнан аса байқаушы сайлау барысын бақылады.
Еліміздегі бүкіл сайлаушылардың 69 пайызы немесе 8 млн 282 мыңнан астам адам өз таңдауын жасады.
– Осылайша сайлаудың 21 қараша күні жарияланған алдын ала қорытындылары ресми келіп түскен хаттамалармен расталды. ҚР-дағы сайлау туралы Конституцилық заңның 9-бабы 1-тармағына, 65-бабына сәйкес, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 50 пайыздан астамының дауысын алған кандидат республика Президенті болып саналады. Осылайша, 2022 жылғы 20 қарашадағы кезектен тыс сайлауда Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ҚР Президенті болып сайланды, – деді Нұрлан Әбдіров.
Шымкент қаласында да сайлау жоғары дәрежеде ұйымдастырылды.
Қала бойынша сайлауды Ұлттық ұланның сарбаздары бастады. Таңғы сағат 06:00-де №89 сайлау учаскесінде Ұлттық ұланның офицерлер құрамы мен сарбаздары алғашқы болып дауыс берді.
Бұл саяси науқанға қаланың қариялары да, жастары да белсене қатысты деуге болады. Мәселен, №266 сайлау учаскесіне 102 жастағы кейуана Орынша Темірова келіп дауыс берды. Сондай-ақ, дәл сайлау күні 18 жасқа толған М.Әуезов университетінің студенті де Нұрсұлтан Жақсыбек те өмірінде алғаш рет сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады.
Қала тұрғындарымен бірге Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов те сайлауда дауыс берді.

832


– Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауы – еліміздегі аса маңызды саяси науқан. Сайлау кампаниясының демократиялық қағидаларға сай, ашық, әділ, таза, ең бастысы, заң талаптарына сәйкес өтуі қоғамдағы тұрақтылық пен елдегі келісімді сақтаудың және Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз етудің кепілі болады. Шымкент қаласында сайлаудың тиісті деңгейде өтуі үшін әкімдік тарапынан барлық шаралар қабылданды, – деп атап өтті Мұрат Дүйсенбекұлы.
Бір ауыз сөзбен айтқанда, Шымкент қаласының жұртшылығы сайлауға белсенді түрде қатысты. Оның дәлелі ретінде Орталық сайлау комиссиясының мәліметін айтуға болады. Оған сәйкес,
Шымкент қаласында тіркелген 634 мың 818 сайлаушының 59,79 пайызы сайлауға қатысып, өз таңдауын жасаған. Бұл – еліміздегі тұрғындар саны 1 миллион адамнан асатын 3 ірі қаланың арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Ол Астана қаласы бойынша – 48,6 пайызды, ал Алматы қаласы бойынша 28,72 пайызды құраған.
Қорыта айтқанда сайлау қоғам мен биліктің ел дамуына қатысты, ұстанымы мен көзқарасы ортақ екенін, өзара түсіністік бар екенін көрсетіп берді. Биыл маусым айында өткен референдумда қазақстандықтардың 77 пайыздан астамы конституциялық реформаны мақұлдаған болса, бұл жолы сайлаушылардың 81 пайыздан астамы Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берді. Осының өзі биліктің жүзеге асырып жатқан, сонымен қатар болашаққа жоспарлап отырған іс-әрекетін азаматтардың қолдайтынын паш еткендей.