БАҚ-тың бағы озған күн
Среда, 25 Декабрь 2019 03:42Шымкент шаһарында БАҚ өкілдері арасында өткізілген шығармашылық байқау қорытындыланып, жыл бойы халыққа қызықты әрі ерекше сюжеттер ұсынған қаламы қарымды журналистерге құрмет көрсетілді. «Тату» мейрамханасында өткен салтанатты шарада мерекелік ақ дастархан жайылып, арнайы концерт ұйымдастырылды. Басқосуда үздік деп танылған БАҚ өкілдерін қала әкімі Ерлан Айтаханов арнайы «Алғыс хатпен» марапаттады.
– Қай дәуірде болмасын, бұқара мен биліктің арасына дәнекер болып, қоғамдағы жаңалықтарды көпшілікке жеткізіп, барша жұртты ақпаратпен қамтуда БАҚ өкілдерінің, яғни журналистер қауымының алар орны ерекше. Сіздер жыл бойы қаламызда, елімізде жасалған игі істерді халықа жақсы жеткіздіңіздер.
Шымкент - күн санап көркейіп келе жатқан алып шаһар. Қаламыз ТМД-ның 2020 жылғы мәдени астанасы мәртебесін иеленді. «Бірлік бар жерде тірлік бар» дегендей, осы орайда қайырымды қала - Шымкентіміздің қуаныштары мен жетістіктерін алдағы уақытта да қалың жұртшылыққа жеткізуге асық болатындарыңызға нық сенімдемін! – деді шаһар басшысы құттықтау сөзінде.
Бұдан соң өңірімізге белгілі ардагер қаламгерлер Байдулла Қонысбек пен Мархабат Байғұт ағалар сөз алып, ізгі лебіздерін білдірді. Олар «Қаламдарыңыз ешқашан мұқалмаcын, берер ақпараттарыңыз шынайы һәм әділ болсын!» деп тілшілер қауымына ақ батасын берді.
Марапаттау рәсімінде Шымкенттің экономикалық-әлеуметтік, рухани-мәдени дамуына қатысты үздік мақалаларымен дараланған «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерінің ұжымы «Үздік редакция» атанды. Шаһар басшысы Ерлан Қуанышұлы бұл марапатты «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС Директор-Бас редакторы Бақтияр Тайжанға салтанатты түрде табыс етті. Ал «Оңтүстік» телеарнасының тілшісі Нұрлан Әлімбаев «Үздік журналист» номинациясын иеленді. Жылдың үздігі атанған ұжымға және телеарна тілшісіне 500 000 теңгеден қаржылай сыйлық табысталды.
«Жыл үздігі» номинация иелері де марапатталып, 150 000 теңге көлеміндегі қаржылай сыйлықтарға ие болды. Атап айтсақ, «Үздік баспа басылымының журналисті» – Ақмарал Әшірова, «Үздік әлеуметтік ролик авторы» - Нұрғали Матаев, «Үздік блогер» - Арай Есенбек, «Үздік телебағдарлама авторы» - Бағлан Байгөбекқызы, «Үздік тележурналист» - Анастасия Новикова, «Үздік радиобағдарлама авторы» болып Уәлихан Қожақ лайық деп танылды.
Сонымен қатар, «Үздік ақпараттық порталы» аталымында «Меdia.on» ақпарат порталының редакторы Малика Абдалиева, «Үздік ақпараттық портал тілшісі» Асылбек Түйетаев, «Үздік баспа басылым» аталымында «Уақыт» газетінің бас редакторы Талғат Балтабаев, «Үздік әлеуметтік ролик авторы» аталымында «Elіtar» порталынан Жансая Тәуекелқызы топ жарды. Сондай-ақ «Үздік баспасөз хатшысы» аталымында Шымкент қаласы полиция департаментінің өкілі Әсел Саденова алғысқа бөленді.
Айта кетерлігі, салтанатты шарада қала көшесін тазалап жүрген қоғамдық жұмысшыға қол ұшын созып, көмек көрсеткен Ғабит Көбеев есімді тәртіп сақшысы «Қайырымды полицей» номинациясымен марапатталды.
Құрметке бөленген БАҚ өкілдерінің қатарында «Шымкент келбетi» және «Панорама Шымкента» газеттерінің тілшілері де болды. Нақты айтқанда Галина Герман «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өткен конкурста ІІІ орынды иеленсе, Сәбит Тастанбек және Азамат Жаппар түрлі номинацияларда жүлдегер атанды. Әсел Хамзинаға Шымкент қаласы мәслихатының Алғыс хаты тапсырылды. Ал фототілшіміз Серік Қосаев «Мен тұратын қала» байқауының ынталандыру сыйлығына ие болды!
Әріптестерімізді алған жүлделерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда...
Среда, 04 Декабрь 2019 04:55Халқымыз «Әуелгі байлық – денсаулық» дегенді тектен-текке айтпаса керек. Денсаулықтан сән кетсе, өміріңнен мән кетеді. Үшінші мегаполисте соңғы кездері салауатты өмірді, яғни бұқаралық спортты насихаттаған ірі жарыстар көбейді. Соның дәлеліндей, Шымкент қаласы Ішкі саясат және дін істері басқармасының ұйымдастыруымен және Қазақстан Журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалының қолдауымен 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай БАҚ өкілдері арасында спартакиада өтті.
ЖЕРҮСТІ ӨТКЕЛІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ
Пятница, 08 Ноябрь 2019 06:06Темірлан тасжолы мен Мангелдин көшесі қиылысындағы жаяу жүргіншілерге арналған жерүсті өткелінің құрылысы желтоқсанда аяқталады.
ПАРТИЯ ХАЛЫҚҚА АШЫҚ ӘРІ ЖАҚЫН БОЛУЫ ТИІС Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
Пятница, 23 Август 2019 04:50«Алға ілгерілеу үшін жетекші саяси күштің, қоғамның бірлігі қажет». Елордада өткен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Алқалы басқосуға Саяси кеңес Бюросының мүшелері, Үкімет мүшелері, Мәжіліс пен мәслихаттардағы фракция өкілдері, партияның өңірлік филиалдарының басшылары және олардың орынбасарлары, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері қатысты. Кеңейтілген отырыста күн тәртібіне сәйкес партияның сайлауалды бағдарламасы мен съездерде қабылданған шешімдердің орындалу барысы, партия жұмысын жаңғырту және Саяси кеңес Бюросының құрамына өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды.
561 АДАМ СҰРАҚТАРЫНА ЖАУАП АЛДЫ
Среда, 21 Август 2019 08:57Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері өткізген «Жолда қабылдау» акциясы барысында 561 адам өз сұрақтарына тиісті жауаптарын алды.
Туризмді дамытуға жастар да ынталы
Среда, 21 Август 2019 08:55Еліміздің мәдени-тарихи орындары мен көрікті жерлерімен танысуға шыққан «JASTAR KERÝENI» әлеуметтік жобасына қатысушылар шымкенттік жастармен кездесті. TED-х форматында өткен басқосуда белсенділер өз ойларын ортаға салды.
СИНГАПУРЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР БІЛІМ БЕРУ КЛАСТЕРІН САЛАДЫ
Среда, 21 Август 2019 08:53Сингапурлық KinderWorld International Group Ltd компаниясы Шымкентте білім метрополисінен тұратын халықаралық білім беру кластерін салады. Аталған орталықта халықаралық мектеп, колледж және балабақша болады деп жоспарлануда. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
10 СЕКТОРДА ЖҰМЫС ҚАРҚЫНДЫ
Среда, 21 Август 2019 08:39Арыс қаласындағы қалпына келтіру жұмыстары бойынша Шымкент қаласына бекітілген 10-шы сектордағы құрылыс жұмыстары Ерлан Айтахановтың жіті бақылауында.