Шымкенттік футболшылар Халықаралық турнирде жеңіске жетті

Вторник, 26 Сентябрь 2017 11:03 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 5053 раз

shymkent-football 2

Шымкентте 2001 және 2002 жылғы жасөспірімдер арасында футболдан Құралбек Ордабаевтің жүлдесіне арналған Халықаралық турнир өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Шымкенттің ОРДБЖМСМ-2001 командасы бірінші орынға ие болды.    

Бас-аяғы 6 күнге созылған доп додасына 12 команда қатысты. Олардың арасында өз елімізден бөлек Өзбекстанның үш бірдей командасы бар. «Басты мақсат – жас жеткіншектердің арасынан талантты футболшыларды таңдау, олардың одан әрі кәсіби жетілуіне көмек беру» дейді Оңтүстік Қазақстан облысының футболдан олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі (ОРДБЖМСМ) директоры Ермек Дәрменов.  

Жарыс барысында 2002 жылғы балалардың ішінен Түркістан, Ақсукент және Қарабұлақ ауыл, қалаларынан бірнеше жақсы футболшылар көзге түсті. Бұларды өзіміздің түйіндеме қағаздарымызға жазып алдық. Одан бөлек ақтық ойындарға академияның және «Ордабасы» футбол клубы орталығының жаттықтырушылары да келді. Енді осы 2002 жылы туылған жігіттеріміз алдағы Қазақстан біріншілігіне дайындалуда, – дейді Е.Дәрменов. 

   shymkent-football 1     

Халықаралық турнирдің нәтижесі бойынша І-орынды Шымкенттің ОРДБЖМСМ-2001, ІІ-орынды Өзбекстанның Бунедкор, ІІІ-орынды ОРДБЖМСМ-2002 командалары иеленді. Сондай-ақ, жарыстың ең үздік ойыншылары да анықталып, жеңімпаздарға медальдар мен сыйлықтар табысталды.

Финалда Өзбекстанның Бунедкорын жеңдік. Оған дейін тобымыздағы Ақтау, Семей, 7 мектеп секілді командалармен ойнадық. Алдағы уақытта Семейде тағы да жарыс күтіп тұр. Бұйырса ол жақта да жақсы жетістікке жетеміз деген үміттемін – дейді ОРДБЖМСМ-2001 командасының қақпашысы Самбетов Нұрсұлтан.


Cурет Іляс Жолдастың жеке парақшасынан алынды

Сапарғали ҚАНАТ

2015 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің журналистика факультетін бітірген. Бұған дейін «J-Group Production» аутсорсинг компаниясында журналист, сценарист, «Білім-Инновация» ХҚҚ-на қарасты «Сана» журналында журналист болып еңбек еткен. 2017 жылдың қаңтарынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.