Өткен маусымда «Астана» клубының сапында тер төккен Азат Нұрғалиев шымкенттік «Орадабасыға» қайта оралды. 30 жастағы жартылай қорғаушы елордалық команда құрамында 11 матч өткізіп 6 гол соққан. Ал жалпы маусымда қарсыластар қақпасына барлығы 12 доп соғып, Қазақстан премьер-лига сұрмергендерінің бірі болды.
Еске сала кетсек, өткен аптада 65 жастағы жаттықтырушы Алексей Петрушин «Ордабасы» клубының жаңа бас бапкері болып тағайындалған еді. Ол осыған дейін Алматының «Қайратын», Белорусияның «Динамосын» сондай-ақ 2014-2015 жылдары Семейдің «Спартак» командасын жаттықтырған.
Айта кетейік, «Ордабасы» командасы 15 ақпан күні 26 ойыншымен Түркияда қорытынды оқу-жаттығу жиынын өткізді. Команда құрамында мына ойыншылар бар: Сергей Бойченко, Алмат Бекбаев, Рамиль Нурмухаметов, Андрей Мищенко, Александр Симчевич, Никита Бочаров, Гашпуйтис, Дәурен Қайқыбасов, Сағадат Тұрсынбай, Еркебұлан Тұңғышбаев, Ұлар Жақсыбаев, Талғат Адырбеков, Қайрат Әшірбеков, Фархатбек Ирисметов, Бекзат Бейсенов, Таңат Нөсербаев, Санат Жұмаханов, Ренат Абдулин, Әлібек Бөлешев, Самат Смақов, Александр Гейнрих, Темірлан Ерланов, Гогита Гогуа, Отар Марцваладзе, Әкежан Қожабаев, Мардан Төлебек.
Назарларыңызға «Ордабасының» Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны кезінде өткізген жолдастық кездесулердің нәтижесін ұсынамыз.
"Ордабасы" - "Локомотив" (Ташкент, Өзбекстан) 2:1.
Голдар: Бабажанов, 28, Нөсербаев, 35, Тұңғышбаев, 58.
Голдар: Бабажанов, 28, Нөсербаев, 35, Тұңғышбаев, 58.
"Ордабасы"- " Подбрезова" (Словакия) 0:2.
Голдар: Микош, 45, Кохан, 58.
Голдар: Микош, 45, Кохан, 58.
"Ордабасы" - "Карпаты" (Украина) 0:2
Голдар: Богач, пенальтиден, 47, Саутин, 80.
Голдар: Богач, пенальтиден, 47, Саутин, 80.
"Ордабасы" - "Славия" 2:1
Голдар: Гейнрих,43, Бөлешев, 85.
"Ордабасы" - "Шахтер" (Донецк, Украина) 1:1.
Голдар: Яловенко, 5, Жақұдаев, 20.
Голдар: Яловенко, 5, Жақұдаев, 20.