Талабы таудай Заңғар

Среда, 28 Декабрь 2016 07:06 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 7114 раз

Қаладағы М. Х. Дулати атындағы №8-ші мектеп-гимназияның 5-ші сынып оқушысы Заңғар Нұрсейіттің қадамы қуантарлық. Болашағынан үміт күттіретін балғын боксшы небәрі 10 жасар. Ол жыл басынан бері бес турнирге қатысып, бәрінде де алтын жүлде иеленді.

indexМінекей, жас боксшы қазан айында өткен Сайрам ауданының ашық біріншілігінде 44 келі салмақ дәрежесіндегі бәсекеде жеңімпаз атанды. 

Бүгінде Заңғар Жандосұлы облыстық бокс мектебінде спорт шебері Арман Сыдықовтан тәлім алады. Жеке жаттықтырушысының айтуынша, жас балғынның спорттың бұл түріне деген икемі зор. Бокс қолғабын кигеніне енді бір жыл болса да осындай нәтижеге жетті. 

Биыл ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткен турнирлерде тек бірінші орыннан көрінді. Мәселен, Ордабасы ауданындағы Ержан Шүкіровты еске алуға арналған облыстық турнирде, Қазығұрт ауданының Шанақ елдімекенінде өткен Байдәулет Әбдірашевты еске алуға арналған облыстық турнирде 44 келі салмақта 1-ші орынға ие болды. Сондай-ақ, КСРО спорт шебері Қанат Оспановтың жүлдесіне арналған жасөспірімдер арасында облыстық бокс мектебінің біріншілігінде 42 келі салмақта чемпион атанды. 

Атап өтсек, №8 мектеп-гимназияның спорт залына Фарух Шаназаровтың есімі берілген-тін. Шахназаров Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, ҚР Президенті кубогында топ жарған дарынды боксшы еді. З.

Нұрсейіттің де бар арманы – ағасы секілді биік шыңдарға шығу.

Последнее изменение Среда, 11 Январь 2017 10:08
Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.