×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Ұлттық спортты ұлықтаған күн Избранное

Пятница, 18 Ноябрь 2016 06:12 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 4842 раз

Кеше Шымкенттегі Орталық атшабарда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Асанбай Асқаров атындағы ұлттық ат спорты ойындарының ашылу салтанаты өтті.

15123130 1122571294525875 8903100819154704818 o

Халықаралық жарыстың ашылу рәсімінде облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Асанбай Асқаровтың елге сіңірген еңбегі мен жетістіктеріне тоқталып, турнирге қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

– Асанбай Асқарұлы ұзақ жылдар бойы Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарын басқарып, осы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосқан азаматтың бірі және бірегейі деп білеміз. Қоғам қайраткерінің өңірімізді басқарған жылдарында осы Орталық атшабар, Дендросаябақ пен Зообақ және балалар темір жолы сынды қаншама әлеуметтік нысандар салынып, пайдалануға берілген. Ел ағасының облыс тұрғындары үшін жасаған игі істері мен қалдырған ізгі мұраттары бүгінгі ұрпаққа үлгі болып, ел есінде мәңгілікке сақталады деп білемін, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

15042244 1122571287859209 739375244631053650 o

Турнирге ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының Президенті, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан, Түркия елінен келген Анкара қаласы мэрінің орынбасары Рамазан Кабасакал мен Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген бірқатар мемлекеттік жаттықтырушылар қатысты.

Көкпардан 13-ші рет, аударыспақтан 5-ші рет, жамбы атудан 1-ші рет ұйымдастырылып жатқан халықаралық ұлттық спорт бәйгесінде көршілес Өзбекстан мен Қытай Халық Республикасынан, сонымен қатар, Астана қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Түлкібас ауданының командалары бақ сынауда.

Айта кетейік, жалпы облыстағы түрлі деңгейдегі мекемелерде ұлттық спорттың 10 түрі – қазақ күресі, тоғызқұмалақ, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, бәйге, асық ату, теңге ілу түрлері дамытылады. Аталған спорт түрлерімен 220-дан астам жаттықтырушы, 5 мыңнан астам спортшы айналысады.