«БИІК-Қазығұрт» бабында ма?

Пятница, 11 Ноябрь 2016 08:33 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 4333 раз

Шымкенттік «БИІК-Қазығұрт» футбол клубы әйелдер арасындағы Еуропа Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында алғашқы матчын өз алаңында Франция біріншілігінің жеңімпазы «ПСЖ» командасына қарсы өткізді. Ойынға Чехиядан келген Ольга Задинова төрелік жасады.

bik 90«БИІК» спорт кешенінде өткен кездесудің 17 минутында француз командасының сапынан Вероника Бокете есеп ашып, мергендігімен танылды. Алғашқы таймның соңында Ирене Парадес есепті еселеп, Железняк қорғаған шымкенттік клубтың қақпасынан саңылау тапты. Француздар мұнымен шектелген жоқ, кездесудің екінші жартысында сол Парадес дублдің авторы атанып, есепті 0:3-ке ұлғайтты.

Қарымта кездесу қараша айының 17-жұлдызында Париж қаласында өтеді. Ойын Астана уақытымен 23:00-де басталады.

Айта кетейік, «БИІК-Қазығұрт» Еуропа Чемпиондар лигасының 1/8 финалына дейін жеткен еліміздегі алғашқы команда. Бұған дейін шымкенттік клуб іріктеу раунды аясында ирландиялық «Уэксфорд Ютсты» – 3:1, литвалық «Гинтра Университетас» және молдавиялық «Криуляны» командаларын 3:0 есептерімен тізе бүктіріп, өз тобында бірінші орынға ие болған. Плей-офф кезеңінде Италия чемпионы «Веронаны» 3:1 есебімен ұтып, сырт алаңда 1:1 есебімен тең ойнаған. Ал бұл нәтиже қазақстандық аяқдоп шеберлеріне 1/8 финалда ойнауға мүмкіндігін алып берді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Ермек ерледі! Ұлттық спортты ұлықтаған күн »