Аружан – күміс жүлдегер

Пятница, 09 Сентябрь 2016 09:40 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 4053 раз

Шымкенттік жас кикбоксшы Аружан Қожамсүгір әлем чемпионатынан күміс жүлдемен оралды. 30 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Ирландияның Дублин қаласында кикбокстан жасөспірімдер арасында әлем біріншілігі өткен еді. Оңтүстіктің жас үміті 60 келіде бақ сынап, жүлдеге қолы жетті.

hNDiEnOAtg0Аружан Қазақстан чемпионатында топ жарып, әлем біріншілігіне жолдама алған болатын. Еуропа төрінде де 15 жасар кикбоксшы жеңіс тұғырынан көрінді. Аружан Қожамсүгір бастапқы кезеңде-ақ қарқындылығын байқатып, финалға жеткен. Әттеген-айы, шешуші сында қарсыласының мерейі үстем болды. 

Әлем біріншілігіне 47 мемлекеттен 700-дей спортшы қатысты. Бұл сында Қазақстан спортшылары жалпыкомандалық есепте 21-ші орыннан көрінді.
А. Қожамсүгір – Шымкент қалалық № 11 шығыс жекпе-жек спорт түрлері мектебінің оқушысы. Қазақстанның екі дүркін чемпионы. Спорттың бұл түрімен небәрі бір жылдан бері шұғылданады. Жеке бапкері – әкесі Әли Қожамсүгір. 25 жылдан бері спорт саласында еңбек ететін бапкердің талапты шәкірттері көп.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.