Тамыз айының 7-13 аралығында Шымкентте ҚР Президентінің Кубогы үшін жасөспірімдер арасында халықаралық футбол турнирі өтпек. Аталмыш сынға 8 команда қатысатын болады. 17 жасқа дейінгі жасөспірімдерден құралған Иран, Ресей, Әзірбайжан, Қырғызстан, Албания, Тәжікстан және еліміздің атынан екі команда жүлде қорын өзара сарапқа салмақ.
ҚР Президентінің кубогі үшін өтетін дәстүрлі жарыс соңғы тоғыз жылда Астана мен Алматы қалаларында ұйымдастырылып келген еді. Биылғы турнир сонымен қатар, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен орайластырылуда.