Сонымен қатар, салтанатты іс-шарада Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Нарымбетов Баһадүр Мәдәліұлы мен қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков қатысты.
Сәрсен Абайұлы, Шымкент спортының дамуына үлес қосып келе жатқан спортшыларға ризашылығын білдіріп, тілегін арнады.
— Сіздерді бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, мықты мемлекеттің негізі — дені сау ұлт. Бұқаралық спортты дамытудың басты бір құндылығы, міне, осында жатыр. Шымкент спортының айбынын асқақтатар жарқын сәттер әлі алда деп сенеміз. Спортты өркендету, спортшыларға жан-жақты қолдау жасау мақсатындағы жұмыстар жалғасын табады, — деді қала әкімінің орынбасары.
Г.БАЖАҚАЙ