34 жылдан соң жаңарған рекорд

Среда, 29 Март 2023 04:34 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 3709 раз

Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты №2 жеңіл атлетика мен велосипед спортынан Олимпиада резервтерін дайындайтын мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері өздерінің бабында екенін көрсетіп, республика көлемінде танылып отыр.

901

 

Жыл басында Астана қаласында жеңіл атлетикадан ересектер арасында өткен Қазақстан Республикасы Кубогында спортшыларымыз үздік деп танылды. Жас спортшы Абдулазиз Абдукаюмов 800 метр (1:56.34) және 1500 метр қашықтыққа жүгіруде (3:55.98) жылдамдығымен көзге түсіп, 1 орыннан көрінді. Сондай-ақ, ол «Astana-Metting» халықаралық жарысында 800 метрге жүгіруден 1:50:15 уақытпен «ҚР Спорт шебері» атағын қорғап шықты.
Диана Төреханова қыздар арасында үш қадам аттап секіруден (11.83) 1 орын, ұзындыққа секіруден (5.37) 2 орын алса, ерлер арасында Пак Роман үш қадам аттап секіруден (13.93) 2 орын иеленді.
Жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионатында Данил Щукин 60 метрге кедергі арқылы жүгіруден (8.42) 1 орын, Екатерина Авдеенко 5-сайыс қорытындысы бойынша (3910 ұпай) – 1 орын, Шолпан Совет 5000 метрге спорттық жүруден (27:19.96) 1 орын, Максим Ярыгин – 7-сайыс бойынша 4147 ұпаймен 3 орын алып, жаттықтырушылардың үмітін ақтады.
Ақпан айында Астана қаласында жабық жайда жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өтіп, онда 34 елден келген кіл мықтылар бақ сынады. Чемпионат қатысушыларының арасындағы ең жас спортшы Екатерина Авдеенко 5-сайыстан 3999 ұпай жинап, 5 орынды иеленді.
Ал, 23-25 ақпан аралығында Астана қаласында жеңіл атлетикадан ересек жасөспірімдер (2006-2007 ж.т) арасында өткен ел чемпионатында да спортшылырамыз жеңіс тұғырынан көрінді. Арсений Саркисов 60 метр және 200 метр қашықтыққа жүгіруден 1 орын, Азизбек Сайдыганиев 3000 метрге жүгіру және 2000 метрге тосқауыл арқылы жүгіруден 1 орын алды. Сонымен қатар, Шерхан Егізбай 5000 метрге спорттық жүруден үздік деп танылып, жеңіс тұғырына шықты. Спортшымыз араға 34 жыл салып, 22:54:04 уақытпен Қазақстан рекордын жаңартты!
Мектебіміздің шәкірті Глеб Гладилов үш қадам аттап секіруден 2-орын, Ангелина Полтинова 5 сайыстан 2-орын, Сарвиноз Досметова 2000 метрге спорттық жүруден 2 орын, Богдан Гончаров 60 метр қашықтыққа жүгіруден 2- орын, Ангелина Володькина 2000 метр жүгіруден 3-орынды иеленді. Ал, ұлдар арасында 4х400 метр эстафеталық жүгіруден спортшыларымыз 3 орынға шықты.
Шымкент қаласы жалпы командалық есеп бойынша 2 орынды иеленді. Спортшыларымыз қоржынға 10 алтын, 4 күміс, 5 қола медаль салды.
Шымкент қаласының жеңіл атлетикадан құрама командасынан 8 спортшы іріктеліп, сәуір айында Ташкент қаласында (Өзбекстан) өтетін жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына қатысуға жолдама алды. Бүгінде спортшыларымыз алдағы Азия чемпионаты мен ҚР ересектер арасында өтетін VI спартакиадасына дайындық үстінде.

Бегалы АНАРБЕКОВ,
Шымкент қаласы
№2 жеңіл атлетика мен велосипед спортынан ОРМБЖСМ директоры

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.