54 келіде бақ сынаған Ж.Шекербекова жартылай финалда Тайвань елінің спортшысынан басым түсіп, финалға жолдама алды. Финалда тайландтық Жутамас Житпонгты 5:0 есебімен жеңді. Ал 66 келіде Мадина Нұршаева Азия чемпионатының қола жүлдесіне ие болды.
Сондай-ақ, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Махмұд Сабырхан (54 келі) құрлық чемпионатында екінші орыннан көрінді. Шымкенттік жас дарын Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, филиппин спортшысы Карло Паламмен алтын жүлдені сарапқа салды. Аса тартысты өткен бәсекеде Сабырхан ұпай санымен есе жіберіп алды.
Сөйтіп, шымкенттік спортшылар кезекті Азия чемпионатын оң нәтижемен қорытындылады. Алда жауапты жарыстар күтіп тұр.