Версия для печати

ЖАҚСЫЛЫҚ ЕККЕН АЛҒЫС ОРАДЫ Избранное

Среда, 06 Апрель 2022 02:57 Автор  Опубликовано в Дін Прочитано 32773 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Рамазан айының алғашқы күнінде Шымкент қаласы әкімдігі мен ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігі бірлесіп «Рамазан қоржыны» қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды. Аталған іс-шара аясында әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларға ауызашар есебінде азық-түлік себеттері таратылды.

101

 

Бұл күні қаланың бес жерінде, атап айтқанда, «Ақмешіт», «А.Қаттани», «Байғұт баба», «Нұр-Төбе» және «Әл-Біләл» мешіттерінде 500 данадан астам «Рамазан қоржыны» үлестірілді.
Шымкент қаласының бас имамы Б. Абдрахмановтың айтуынша, мұндай азық-түлік себеттері отыз күн оразада күн сайын жоғарыда аталған мешіттерде таратылып отырады. Қайырымдық іс-шарасы барысында шаһардың бас имамы қаланың қалталы азаматтарын сауапты іске үлес қосуға шақырды.
Қасиетті Рамазан айының екінші күнінде де Шымкент қаласы әкімдігі мен Шымкент орталық мешітінің ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық іс-шарасы жалғасын тапты.
Игі іс-шараға Шымкент қаласы бас имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының жетекшісі Айбек Азимбаев қатысты. Кәсіпкерлердің қолдауымен эстафета түрінде жалғасын тапқан қайырымдылық бастамада 700-ден астам мұқтаж отбасыға ауызашар ретінде азық-түлік салынған «Рамазан қоржыны» себеттері үлестірілді.