– Қалыпты өмірге оралу үшін вакцина алудың маңызы зор. Коронавирус бүкіл әлемге қауіп төндіріп отырған дерт. Өз денсаулықтарыңызға жауапкершілікпен қарап, ревакцинациядан өтіңіздер,-деді М.Қабланбекұлы.
Спорт мектебінде 1085 оқушының 80 пайызы «Комирнати» (Pfizer) вакцинасының екі компонентін алып үлгерген. Ал, жаттықтырушылар арасында ревакцинация жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Каратэмен шұғылданып жүрген Мақпал Орынбай «Комирнати» екпесін алған.
—Жарыстарға жиі қатысатын болғандықтан вакцина алдым. Ешқандай жанама әсерін байқамадым, - дейді ол.
Ревакцинация жұмыстары Шымкенттегі №9 көркем гимнастика мектебінде де жалғасып жатыр. Мектеп директоры, Азия ойындарының бірнеше дүркін жеңімпазы Әлия Юсупова да шымкенттіктерді екпе алуға шақырды.
— Жарыс талаптарына сәйкес, әрбір қатысушы вакцина алуы тиіс. Вакцина ұжымдық иммунитет қалыптастырады. Бапкер ретінде шәкірттерімнің денсаулығына алаңдаймын және әрбір оқушының өзіне жауапкершілікпен қарауын қадағалаймын. Өзім жуырда ревакцинациядан өттім. Ал, мектепте оқып жүрген 400-ден аса жас спортшының тең жартысы екпе қабылдап үлгерді, - дейді Әлия Мақсұтқызы.
Айта кетейік, еліміздегі эпидемиологиялық ахуал бойынша Шымкент қаласы қазір «сары аймақта» тұр.
Ақбөпе ЕРГЕШ